№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аузы сасық қыздар

Аузы сасық қыздар

Бұрын мектепте Қарақат есімді ару қыз болатын. Ол қызға мектептегі жігіттердің ғашық болғаны сонша, оның суретін қалтамызға салып жүретінбіз. Қарақат тәрбиелі, инабатты, үздік оқушылардың бірі болатын.   


 Алайда уақыт өте келе оның ортасынан бөлектеніп жүргені бізді таң қалдыратын. Сабақтан жиі сұранып, үзіліс кезінде шылым шегуді әдетке айналдыратын ол да төңірегін­дегілердің өзін іштей жақтырмайтынын білгендіктен, темекісін бұрыш-бұрышқа тығылып жүріп тартатын. Қанша жасырынып тығылғанымен, оның  үстінен темекінің исі бұрқырап тұратын. Қарақаттың темекі тартатынын білген қыздар мен жігіттер одан аулақтау жүретін. Оның кейде темекі тартып тұрғанын көрсек, шапалақпен салып жіберуден де тайын­байтынбыз. Қыздар тұрмақ, жігіттердің өзі темекі тартып, арақ ішетіндерін қыздарға көрсетпеуге тырысатын едік ол кезде. 
  Ал қазіргі жастар ше?!  Жастардың барлы­ғына күйе жағудан аулақпыз, дегенмен, темекі тарту, түрлі энергетикалық сусындар ішу бүгінгі жастардың өмірінің сән-салтанатына айналған.
   Қызың да, әйелің де қазір көшеде темекіні қымсынбай-ақ түтінін бұрқы­ратып тарта береді. Қыз бен жігіт қолтықтасып келе жатып темекі тарта береді. Бірақ, бір-біріне «мұның дұрыс емес» деген жастарды байқамайсыз.
   Қыздар – өмірге ұрпақ әкелетін болашақ аналар. Қыздар дені сау анадан ғана дені сау ұрпақ туаты­нын естерінде ұстаса екен. Қазір ерлі-зайыптылар арасында бедеулік дерті көбейіп, қаншама жастар үйленгенмен, бала сүю бақытына ие бола алмай, ажырасып кетіп жатыр. Бұл дертті зерттеген маман-дәрігерлер оған жастардың көбінің өз денсаулық­тарын жас кездерінен күтімілдемей, темекі тартып, зиянды сусындар ішкеннен, әсіресе, темекінің зияндылығын баса айтуда. Дәрігерлердің бұл ақыл-кеңестеріне немқұрайды қарамауымыз керек.
   Өмір бір-ақ рет беріледі деп ойымызға келгенді істей берсек, өз келешегімізді өзіміз кескілегеніміз болады. Ер азаматтарды жаман әдет-дағдыдан тиятын қыздар емес пе, қыздар темекі тартып тұрса, жараспайды.
    Сәбилердің арасында тым жиілеп бара жатқан жүректің туабітті кемістігінің себеп-салдарын зерттеген ғалым-дәрігерлер оған экологиядан бұрын ата-аналардың, оның ішінде аналардың темекі тартуы басты себеп болып отырғанын алға тартуда. Анасының құрсағында жатып түтінге уланып, оттегі тапшылығына тап болған нәресте жүрегі қалай сау соқсын. Олай болса, бала денсаулығын оны өмірге әкелмес бұрын ойлағанымыз жөн-ау. Ол үшін ең алдымен жігіттер, қыздардың, әйел-аналарымыздың темекі тартуына жол бермегеніміз жөн.

Ерлан Раймбек.
19 қараша 2018 ж. 1 651 0