Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электронды темекінің зияны

Электронды темекінің зияны




Электронды темекі тарту қатерлі ісік дертіне шалдығу қаупін арттыратыны тәжірибе жүзінде дәлелденді.
 Электронды темекіні шеккен кезде қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстардың басым бөлігі өкпеге жинақталады, деп Невада Университеті мен Шөлді зерттеу институтының ғалымдары қорытынды жасады, деп хабарлайды РИА Новости EurekAlert! басылымына сілтеме жасап.
Тәжірибе барысында мамандар 12 адамның ағзасындағы электронды темекі шеккенге дейінгі және кейінгі альдегидтер мөлшеріне сараптама жасады. Альдегидтер – қауіпті токсиндер, олардың біраз бөлігі онкологиялық дерт тудырады.
Ғалымдар электронды темекі түтіні мен тәжірибеге қатысушылардың электронды темекі шеккен кезде шығаратын деміндегі токсиндер деңгейін салыстырып қарады.
Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, электронды темекі шеккеннен кейінгі шығарған дем құрамындағы альдегидтер мөлшері шеккенге дейінгі шамадан он жарым есе көп болған.
Ғалымдар анықтағандай, формальдегид сияқты қауіпті заттардың мөлшері электронды темекі түтінінде жүз есе көп. Демек, бұл заттың айтарлықтай бөлігі адам ағзасында сақталады деген сөз.  
Бұдан бұрын ғалымдар электронды темекі пайдалану ауыз қуысының қатерлі ісігін тудырады, қаупі кәдімгі темекіден кем түспейді деп дабыл қаққан еді.

sputniknews.kz
12 қыркүйек 2018 ж. 1 987 0