№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зиянды әдеттен аулақ бол!

Зиянды әдеттен аулақ бол!

Темекі тарту ежелгі заманда пайда болған. Алғашқында дәрігерлер оны ем ретінде ұсынып жатты. Бірақ одан жан қинаған көк жөтел, ерін, тіл, тамақ, өкпе аурулары тарай бастады. Осылайша темекі тартуға тиым салатын қатаң заң шығарылып, орындамағандар аяусыз жазаланды.

Үнемі темекі шегу, әдетте бронхит ауруына әкеліп соғады. Оның үнділігі мен тазалығы жойылады. Бұл әсіресе темекіқұмар әйелдер мен қыздардан жақсы аңғарылады. Темекі шегетін адамды бетінің реңінен де білуге болады. Жалпы темекі шегу өте жағымсыз түйсік тудырумен қоса ағзаны патологиялық өзгерістерге де душар етеді.
Темекіні жаңалап тартқан сайын түтінмен ішке баратын уытты заттар молайып, өмірлік маңызды мүшелерді үсті-үстіне уландыра береді. Темекінің соңғы үштен бір бөлігі аса қауіпті. Онда көміртегі қышқылы -5 есе, бензопирен-4 есе, никотин-3 есе, қара смала-3 есе, аммиак-46 есе көп. Сондай-ақ басқа да уытты заттардың қосындылары қан арқылы бүкіл өн бойды улап өтеді. Тыныс алу жолдары ерекше зардап шегеді. Темекі тартатындардың өкпе рагына шалдығуы тартпайтын адамдарға қарағанда он есе жиі кездеседі. Есептеу мәліметтеріне қарағанда, темекі тартатындар миокард инфарктінен бес есе, миға қан құйылып кетуден 3-4 есе көбірек мерт болады.
Мамандардың бақылауларына сәйкес, 10 % еркектердің әлсіз болуының себебі ұзақ мерзімді темекі шегуі болып табылады. Темекі шегетін әйелдерде жыныстық органдардың қызметі жиі бұзылады, сондай-ақ темекі тартатын әйел ерте қартаяды.
Темекі шегу жаңа туған нәрестенің денсаулығына да әсер етеді, сонымен қатар бала туу функциясына, баланы тамақтандыруға кері әсерін тигізеді. Темекіге салынған аналар, туған балалардың нормадан 100-200 грамм салмағы аз болады. Сонымен қатар түсік тастау, баланың мерзімінен бұрын туылуы және де баланың өлі туу екі есе жиі орын алады. Темекі шегетін аналар тапқан нәрестелерден кемістік байқауға болады (қолдың немесе аяқтың алтыншы саусағының болуы, үстіңгі еріннің дамымай қалуы, туа біткен жүрек ақаулары және т.б). кейбір балаларға никотин аллергиялық ауру түрлерін тудырады. Сонымен қатар никотин өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді, көп мөлшерде өлімге алып келеді.
Сондықтан темекі атаулыдан сақ болуға баса мән берген жөн.

Балтахожа Нұрайым Болатқызы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ-ұлттық университетінің Биология және Биотехнология факультетінің 1 курс студенті-Лицензия серия АА №0000001, 22.01.2002 жыл.
21 мамыр 2019 ж. 1 602 0