№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2019 жылғы бала туу көрсеткіші қандай?

2019 жылғы бала туу көрсеткіші қандай?


Халық өсімі – әлеуметтік жағдайдың жақсара түскенінің көрінісі. Жыл сайынғы бала туу көрсеткішінің есебінен Жаңақорған Сыр өңіріндегі аудандар арасында халықтың саны жөнінде алдыңғы орынға шықты. Ал 2019 жылы бала туу көрсеткіші қандай болды? Осыны саралап, талдау жасап көріп едік.


Өткен жылы жалпы 1767 бала дүниеге келсе, оның 22-сі егіздер. Сондай-ақ сәуір айында Қожакент ауылдық округінде үшемдердің өмірге келгенін сүйіншілеген болатынбыз. Ауданда күніне 5-6 бала өмір есігін ашады. Бүгінде технологияның дамуының арқасында перзентханада туылған бала мен анасының денсаулығы жіті бақылауға алынғаны көңіл қуантады.
Аудандық перзентхананың меңгерушісі Сәуле Бектұрғанова: «Біздің перзентханада 2019 жылы 812 ұл, 764 қыз бала дүниеге келді. Бүгінгі күні тегін медициналық көмек шеңберінде туа біткен кемістікті мерзімінде анықтау және емдеу мақсатында перинатальдық және неонатальдық генетикалық скрининг жүргізіледі. Яғни балаларға амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялық, қымбат диагностикалық және емдеу амалдары тегін көрсетіледі», – деді.
Бала өмірге келгеннен кейін ата-ананың міндеті сәбиге жақсы ат қою. Доңыз жылында дүниеге келген ұлдар арасында Алихан, Айсұлтан, Нұрислам, қыздарға Айзере, Раяна, Асылым, Аяла есімдері жиі қойылған. Сондай-ақ Нұрхаттаб, Хафиз, Ирада, Хадия сынды есімдерді де кездестірдік.

Үшемдердің анасы қожакенттік Камила Шайжановаға хабарласқанымызда: «2019 жылдың 13 сәуірінде Қызылорда қаласында ана мен бала орталығында кесір тілігімен босандым. Үшемге ауыл әкімшілігі 3 қоларба тарту етті. Тек үшеуінің де хал-күйінде кінәраты бар. Баста киста және жүректе 2-3 мм тесік бар екендігі жанымды ауыртады. Бүгінде ем алып жүрміз. Ауданның кез-келген аумағынан жер телімін алуға құқым барын жоғарыдан біліп отырмын. Баспанамыз бар, балалар жайдайына көлік сұраған едік, әзір хабар жоқ. Күйеуім Үсенов Өмірбек ауыл диірменінде жұмысшы. Өзім бала күтімімен отырмын. Енем ІІ топтағы мүгедек. Ауыл медбикелері хал-жағдайымызды біліп тұрады. 10 4000 атаулы әлеуметтік көмек және бір жасқа дейінгі төлетін 64000 теңге жәрдемақыны алып келдім. Дімкәс балаларыммен облыс орталығына жиі жол түседі. Бізге көлік берілсе деген тілегім бар», – деп өтініш-тілегін жеткізді.

Тиісті құзырлы органдар демеушілердің есебімен өтінішті қанағаттандыруға болатынын айтыпты. Сондықтан шешімі табылатынына сенім жоқ емес.
Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ғалия Төребаева: «Биылғы бала туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмен. Бұдан бөлек Түркістан облысына барып босанатын аналар да бар. Негізі жылдағы туу көрсеткіші бірқалыпты. 2018 жылы 24,6 болса, 2019 жылы 23,4 пайызды құрап отыр», – деді.
Бала туу көрсеткішін сөз еткенде жан-жақты зерттеп талдау қажеттігін ұқтық. Аудандық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлнар Абдуллаева жыл сайын түрлі себептермен өзге аудан және облыстарда босанатын аналар санын да ескеру қажеттілігін айтты. Сол себепті ауданда бір жылда туылған бала санының көлемі перзентханада туылған бала санымен ғана шектеліп қалмайтынын ескеруіміз керек.
Жалпы бала туу көрсеткішінің өсуімен мектептерде ондаған бастауыш сынып құрылып кабинеттерінің жетіспеушілігі байқалғанын бұған дейін де жаздық.

Майра ҒАНИЕВА
11 қаңтар 2020 ж. 730 0