Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жыл басынан бері 81 неке бұзылған

Жыл басынан бері 81 неке бұзылған


Өз егемендігіне қол жеткізіп, баянды даму жолына түскен мемлекетімізде ең басты құндылық ретінде отбасының тату-тәтті бірлігі құрметтелуі тиіс. Отбасында жарасымды қарым-қатынас орнаған кезде қоғамда да тұрақтылық, тәртіп пен биік мәдениет салтанат құратынына сенуге болады.


Өткен жылдың қазан айында Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы болып жұмысқа кіріскен Әлия Түбекбаеваның жаңа қызметін осы бағытта бастандыруы жұртшылықтың да көңіліне жылы әсер қалдырғаны анық. Тұрғындармен қояма-қолтық қарым-қа­тынас орнатып, жанұя татулығы тақырыбында басқосуларда жағдайдың мәнісіне жан-жақты үңіліп, түйткілдің түйінін тарқатуда бірлесе іс-қимыл жасау­дың алғышарттарын белгілеуге ұмты­луы сот органдарының айыптыға жаза белгілеуден бұрын бұқараны жаңы­лыс қадамнан сақтандыруға көп ықыласты жанашырлық қағиданы қастер тұтатынына көпшіліктің көзін жеткізген ізгілікті қадам болды десек жаңылмаймыз.
Мемлекет басшысының кешегі ха­лыққа арнаған Жолдауында халық пен құқық қорғау органдары арасында құрмет қағидаларын тереңдету мәселесі, бұл бағытта кәсіби біліктіліктің сапасы басты маңызға ие болатыны айтылса, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» философиялық еңбегі халқымыздың ежелден елдігіне ұстын болып келе жатқан заңдық ере­желеріне жан бітіріп, жаңаша тұрғыда өмірімізге қазық ету бағытында байыпты бағыттарды белгілеп берді.
Қазақстан Республикасы жоғары со­тында осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, заңсыздықтарды болдырмауда, алдын-алуда халықтық институттарды игілікке икемдеу тұрғысында жаңа тұр­патты заң жобалары іс-тәжірибеге енді­ріле бастады. Соның ішінде алғашқы болып қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аймағымызда тұғырын тіккен «Татуласу орталықтары» қызметін атап айтуға болады.
Ата-бабамыздың дәстүріне сүйенсек, ауыл-ел арасында әлдеқандай дау туындап, төрелікке жүгінгенде жалпыға ортақ жарғыдан әл-қуат алған әділ кесімнен аттап өтпеген. Қазіргідей жөнсіз ажырасу, кісі мүлкіне қол сұғу, перзенттік борышынан аттап өту сынды ағайынның сүйегіне таңба салатын тәртіпсіздіктерден тыятын Алқабилер құрамы тегеурінділігі мықты мәмілегерлік мінберінен бір саты да төмен түскен жоқ. Бүгінде сол қазақтың, сол рудың төбе билері қайда? Ақсақалдары, ел ағалары өз жұртының қамын жеп, намысын жыртуға келгенде неге бірауызды бәтуаға келе алмай жүр?
Ағайынның аты озғаны тек атқа мініп, аспандап жүрумен емес, тұғырын түзеп, туғанын демеп, жесірін жылатпай, жетімін жебеп, сүйегіне сына түсірмеумен айқындалады емес пе? Ендеше алмағайып ақпарат кезеңінде бағытынан жаңылып, дерт жамаған ұлт иммунитетін асыл дәстүріміздің дәреметімен байытып, күш-қайратын қалыпқа келтіру үшін қажырлы қимылға көшуімізге не кедергі?
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты­мен «Татуласу, сотқа дейін, сотта» жобасы шеңберінде жер-жерде іске асы­рылуға бағыт алған бағдарлама нақ осы мақсатты көздейді.
Отбасы құқығын қорғау, отбасы құн­дылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, бітімгершілікпен ше­шу, баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау – әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі күннің тағы бір мәселесі – неке алдындағы жауапкершілік. Қазірде көңілі жарасқан ер мен әйел заңды некеде тұрмай-ақ, діни жоралғысын жасап, мешітте неке қидырса ерлі-зайыптымыз деп есептейді. Бұл дұрыс емес. Кез келген жұп азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінде некесі заңдастырылмайынша оларға тиісті құқықтық салдарлар жүргізілмейді. Яғни әкелікті тану, айырылысқан жағдайда алимент өндіру мүмкін емес.
Отбасы жауапкершілігі – барша құн­дылықтың қайнары деуге болады. Осы қасиетті қағиданың аяқасты болуынан ажырасушылықтың деңгейі бойынша еліміздің алдыңғы ондықтың қатарынан көрінуі кез-келгеніміздің жанымызды күйзелтеді.
Жаңақорған аудандық сотының өнді­рісінде 2018 жылы некені бұзу санатында 115 азаматтың іс қаралса, оның 80-і немесе 69,5 пайызы бойынша неке бұзылған, 4 талап арыз қанағаттандырусыз қал­дырылған, 13 іс бойынша тараптар медиа­ция тәртібімен татуласуына байланысты іс өндірістен тоқтатылып, неке сақталған (11,3 пайыз), 11 талап арыздан талап қоюшылар бас тартқан.
Ал 2019 жылдың осы уақытқа дейінгі мерзімінде осы санатта қаралған 117 азаматтық істің 81-і немесе 69,2 пайызы бойынша неке бұзылған.
Осы орайда Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асановтың бұйрығымен әкімдіктер жанынан отбасылық кеңес органдарын құру тапсырылған еді.
Сәрсенбі күні аудан әкімі мәжіліс залында аудандық сот төрағасы Әлия Бердібекқызының ұсынысын негізге алып аудан басшысының арнайы өкімімен құрылған Отбасы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков моде­раторлық етті. Ереже бойынша қорғаншы және қамқоршы органдары, медиатор, психолог, адвокаттар қам­тылған комиссия құрамы бекітілді. Бұл комиссияның міндеті алдағы уақытта отбасының және отбасы қатынастарынан туындайтын даулардың алдын алып, жанұя бірлігінің сақталуына нақты ықпал етуге бағытталуы тиіс.
Жанұя – шағын мемелекет. Оның да өзіндік саясаты болады. Бұл ретте ата-әже, әке-шеше, ұл-қыз, келін-күйеу баланың әрбірінің өзіндік орнының сақталуы Отбасы саясатында үлкен роль атқарады. Соның біріне сына түссе қалыпты өмір дағдысына салқынын тигізбей қоймайды. Олай болса, бүгінгі жиілеп бара жатқан некенің бұзылуының жан-жақты себеп­терін анықтау, әрбірімен жеке-жеке сөйлесу, мүмкіндігінше жарасымдылыққа негіз қалау, осы аталып отырған кеңестің ең басты міндеті осы болмақ.
– Кеңес жұмысының тиімділігіне қол жеткізу үшін әрбір жанұяның жай-жағдайын жетік білетін ауыл әкімдері қоса-қабат жұмыс жасауы тиіс, – дейді заң саласының ардагері, аудандық Билер Кеңесінің мүшесі Кенжегүл Көпесова.
– Бұл – ақыл сұрап алдыға келген отба­сының жай-жағдайын тереңінен талдап, таразыны тең ұстауда тура жолдан таймас үшін қажет.
Жиында аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаеваның осы тақырыптағы баяндамасынан соң сөз алған аудан әкімінің кеңесшісі, ел ағасы Серқожа Ыдырысов, АХАЖ жауапты маманы Гүлнар Абдуллаева сөз алып, отбасы Кеңесі жанұяда зорлық-зомбылық көрген нәзік жандарға ақыл-кеңес беруде, ата-әже, қайын-жұрт, төркін арасындағы қарама-қайшылықта түсініс­тікке жету, т.б. жағдайларда оңды ықпал ету мәселесінің өзектілігін нақтылап, ең бастысы әрбір әулет, отан иесінің өз ошағына жауап­кершілікті сезінуі, ешнәрсемен теңестіруге болмайтын құндылық екенін, ел-жұрттың осы бағытқа бет бұруының маңыздылығы жөнінде жан-жақты тал­қыланды.

Түйін: Осы орайда өмірдің өзінен тәмсіл түюге болатындай.
Жақында әулетімізде жасы әлі елуді де еңсермеген бір азаматымыз өмірден озды. Марқұмның сүйегін қойып келген соң ет жақындарымен қайта көрісіп көңіл босатқан топтың аяғын ала есікке беттеген ең үлкен ағалары сәл кідіріп, көзінің жасын сүртіп тұрып, бауырының жарына басалқы айтты: “Қарағым, беліңді бу, бекем бол”, – деді, – Аман болып тұрсақ балаларың елдің алды болады.
Мына сөзге өзгені қайдам, өзім шын сендім. Бұл жандардың өз ата-тегінен тараған алпыс-жетпіс түтінге бүтіндей тіреуіш болып, қолына кәсіп, жолына нәсіп, мұң-мұқтажына пана, жасы кішіге жаға болып жүргенін көріп жүрмін. Мейлі қалталы болсын, мейлі олигарх болсын, әр азамат өз жұрағатынан жүз қаралы жанды жарылқап, өз жәрдеміне алса Отанымыздың гүлденуіне жарқын үлес қосқан болмай ма?
Ал Отанның бақыты мені мен сенің бақытыңнан тұрады.

Баян ҮСЕЙІНОВА
14 желтоқсан 2019 ж. 773 0