№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрар Сүлейменовтың мектебі

Тұрар Сүлейменовтың мектебі


45 жылдық тарихы бар Талап бекетіндегі №247 мектептің жеткен жетістігінен бұрын білім ордасы несімен ерекшеленеді? Білім ошағының тыныс-тіршілігін жазуды осыдан бастасақ.

Ең алдымен ұстаздардың газет бетіне мақала жазудағы белсенділігі анық байқалады, оның да себебі бар. Жыл соңында «Жылдың үздік мұғалімі» байқауы өтеді. Жаңару заманында ұстаздарды бағалап, еңбегін саралап, өзінің жан-жақтылығын, ұйымдастырушылығын, сөз шеберлігін, жаңашыл ұстаз екенін дәлел­деу мақсатында өтетін дәстүрлі байқау әсіресе жастардың кәсіби деңгейін өсіретіні анық. Сондықтан еткен еңбектерін ақпараттандырып отыру мұғалімдердің шынайлылығын көрсетеді.
Әр жылы мектеп бітірушілерінің арасынан бір түлек кәсіпкерлік бағытына бірден ойысады. Бұл да дәстүрге айналған жол. Бүгінгідей нарықтық заманда бұл дұрыс таңдау.
Алғашында Ташкент темір жолына қарайтын №15 бастауыш мектебі болған білім ордасы 1975 жылы атауы өзгеріп, 8 жылдық білім беру жүйесіне көшеді. Сол жылы 105 оқушы білім алып, 10 ұстаз еңбек ете бастады. Егемендік алған жылы білім ошағы орта мектеп дәрежесін алып, оқушы саны артты. 2011 жылы жаңадан бой көтерген 250 орындық типтік жобадағы мектепте 275 оқушы білім алуда, 53 ұстаз бар. Әрі ғимарат ішінен45 балаға арналған «Балбөбек» шағын орталығы іске қосылған.
– Бүгінде жаңа технологияны меңгерген, ғылыми жобаларды бағытқа алған, әрі өнерпаз шәкірттер республикалық, облыстық байқауларды жүлде алып жүр. Мұндай жетістік кешегі аға буынның салып кеткен сара жолынан деп түсінеміз. Мектептің тұңғыш директоры Тұрсынбай Әбдіқадыров, сол кездегі Бесарық астық қабылдау мекемесінің директоры Бимен Еденбаевтың еңбегі зор еді. Сол ізгі жолды бүгінде біздер жалғап келеміз, – деді білім ордасының директоры Нұрбол Ыдырысов.
1985 жылдан 2013 жылға дейін мекемені Тұрар Сүлейменов басқарса, одан кейін Талғат Өтеев жетекшілік етті. Енді ҰБТ көрсеткішіне тоқталайық. Соңғы екі жылда көрсеткішті шолып өтейік. 2017-2018 оқу жылында 24 оқушы бітірсе, оның 14-і ҰБТ-ға қатысып, орта көрсеткіш 81,6 процентті көрсетіп тұр. 11 түлек грантқа түссе, бір оқушы кәсіпкер атанған. Ал 2018-2019 жылы 9 оқушы бітіріп, соның алтауы ҰБТ-қа қатысып, орташа балл 83 процентті көрсетіпті. Сегіз оқушы грантқа түссе, біреуі кәсп иесі атанған.
– Ұстаздар білігін арттыру бағытында өзге де мектептермен тәжірибе ал­ма­­сып, озық тұстарын меңгеруге тыры­самыз. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздарымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Үнемі тәжірибе алмастырып, біліктілікті арттыруға мән береміз. Бірлескен жұмыстар арнайы жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіледі, – деді мектеп басшысы.
Қорыта айтқанда, мектептің үлгі етер жетістіктері мен білім берудегі озық тұстарын зерделеп көрдік. Сондықтан, білім биігіндегі бәсекелестікке қабылетті болу жолында мұндай көкжиегі кең білім ошақтарымен тәжірибе алмасып, өзара семинарлар, дөңгелек үстел өткізіп тұру қажетті құбылыс. Себебі, заман талабы осыны талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, білімі сапалы, ғылымы дамыған, жастары технологияны меңгерген ұлт қана ХХІ ғасырдың озық отыздығына ұмтыла алады. Осы бағытта жұмыс жасап келе жатқан мектеп келбетінің келешегі келбетті, болашағы жарқын болары сөзссіз.

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА
21 қараша 2019 ж. 739 0