Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік: 8000 тұрғынға кеңес берілген

Кәсіпкерлік: 8000 тұрғынға кеңес берілген


Шағын және орта бизнесті дамыту күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Себебі кәсіпкерлік нарықтық қоғамның бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі көзі. Облыс прокуроры Нұрлан Бижанов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова және кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы директоры Ғалымбек Жақсылықов Жаңақорғанға келіп, тұрғындарға кәсіпкерлік бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйіне жаңақорғандықтар көптеп жиналып, сан сауалына жауап алды.


Аудан әкімі Сұлтан Мақашов моде­раторлық еткен жиында алғы сөзді облыс прокуроры алды.
– Прокуратура қызметіне халық сеніммен қарағанда ғана іс жүйеленеді. Ол үшін ашықтық пен жариялылықты ұстанып, тұрғындармен байланыс орнату маңызды. Құқық қорғау саласына және кәсіпкерлік нысандарын ретсіз тексеруге қатысты сұрақтар жиі қойылады. Шағын және орта бизнес – дамудың негізгі жолы. Сондықтан кез-келген кедергінің алдын алу міндет. Бүгін жеке қабылдауда кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз, – деді Нұрлан Дәуренұлы.
Прокурор аудан тұрғындарын акцияға белсенді қатысып, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салуға шақырды. Егер кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілер орын алса, оның шешілу жолын қарастыруға көмектесетінін ашық айтты.
Құқық қорғаушының кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ойлары құптарлық. Себебі шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдаулар және әкімшілік реттеу жүргізіліп жатқанымен, шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейде емес. Шағын және орта кәсіпкерлікте сауда, қызмет көрсетуден басқасының ықпалы байқал­майды. Өңдеу, қайта өңдеу саласы кенже дамуда. Электронды сауда, электронды қаржы айналымы деңгейі төмен. Кәсіпкерлік саласын цифрландыру жүйелі жүргізіліп жатпағаны анық. Демек шағын және орта бизнес саласында адамдарды қалыптастыруда оқыту, бағдарлау жұмыс­тарынан бөлек, заманға сай бейімдеуді жүргізу керек-ақ.
Келесі кезекте сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова:
– Шағын кәсіпкерлік – өркениетті елдердің әлеуетті тірегіне айналды. Сондықтан Үкімет осы салаға мән беріп, бағдарламалар қабылданды. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны артты. Кәсіпкерлік саласын уақытқа сай дамытуда қағазбастылық азайтылды. Яғни кәсіпкерлікке тіркелу, тоқсан сайын есеп беру және т.б процестер электронды жүргізіледі. Ең бастысы, прокуратура, «Nur Otan» партиясы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын институтқа айналды, – деді.
2020 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғандай, микро және шағын бизнес саласы 3 жылға дейін салық төлеуден босатылады және оларды тексеру жүргізуге мораторий жариялаған-ды. Бұл отандық шағын және орта бизнестің дамуына жасалған нақты қолдау екені анық. Осыған орай отандық бизнесті қолдайтын һәм қорғайтын облыстық прокуратура, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы, облыстық кәсіпкерлер палатасы үшжақты келісім шарт жасады.
Кәсіпкерлерліктің дамуына жауапты тұлғаның бірі Ғалымбек Жақсылықұлы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
– Жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы кеңес­шілер 4462 азаматқа 8069 түрлі кеңес беріп, 1810 кәсіпкерге 2136 қызмет көрсетті. «Бастау бизнес» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін Сыр өңірінің 2368 тұрғыны оқып, олар 645 миллион теңгені құрайтын 756 жобаны жүзеге асырды. Мұнан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба бойынша 1100 азамат оқып, 252 миллион теңгені құрайтын 495 жас кәсіпкердің жобасы қаржыланды, – деді ол.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта кәсіпорындардың еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі небары 26 процент екенін, бұл көрсеткішті 2050 жылға қарай 50 процентке көтеру керектігін айтқан болатын. Бүгінде АҚШ пен Жапонияны озық ел десек, бұған шағын және орта бизнестің септігі көп. Мәселен, АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97 пайызы шағын кәсіпкерлік болса, бұл көрсеткіш күншығыс елінде 99 пайызды құрайды. Жалпы ішкі өнімнің үлесі қос мемлекетте шамамен 60 пайызға жуық. Күншығыс елінде 6,5 миллион кәсіпорын іске қосылса, онда 54 миллион жапондық жұмыспен қамтылған. Бұл елдегі жұмыс күшінің 80 процентін құрайды.
Егер озық отыздыққа еніп, өркениет көшінде еншімізді аламыз десек, шағын және орта бизнес саласын қолдауды, дамытуды бір сәтке де тоқтатуға болмайды. Қазір қолдаудан бөлек, кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттілердің белсенділігі маңызды және нарықтық қатынастарды меңгеруі, заманауи талап-міндеттерді игеруі керек. Мінбеден сөз алған баяндамашылар осыны айтты.
Акцияның негізгі бөлігінен кейін мәдениет үйінің фоесінде облыс орталығынан арнайы келген бизнес тренерлер, сарапшылар, кеңесшілерге аудан тұрғындары сұрақ қойып, мемлекеттік бағдармаларға қатысудың жөн-жобасы, жеңілдіктер мен несие алудың жолдары жөнінде білді.

Лаура БИБАСАРОВА
12 қараша 2019 ж. 690 0