№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партия филиалына жаңа төраға

Партия филиалына жаңа төраға


Әкімдікте «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс ХХІIІ конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова модераторлық етті. Алқалы басқосуға партия өкілдері мен аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, Саяси кеңес және Саяси бюро мүшелері, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.


– Өздеріңізге белгілі, Тұңғыш Президент-Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның алдағы он жылдық жоспарын бағдарлап, жо­лын көрсетіп берді. Бізге керегі – тек осы бағытта сапалы жұмыс істеу. Әсіресе, ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекеттің басты назарда ұстайтын саланың бірі – әлеуметтік сала. Партия тара­пынан әрдайым осы әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсетілген мемле­кеттік көмекке баса мән беріп келе жатқанын жақсы білесіздер. Сон­дықтан «Nur Otan» патриясының 20 жылда атқарған нақты нәтижелі жұмысы – Қазақстанның дамуында нұр­отандықтардың еңбегі елеулі еке­нін білдіреді, – деді Ақмарал Шәріп­байқызы.
Мұнан кейін мінберге көтерілген «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудан­дық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Мәжит Балқожаев партияның һәм партиялық бақылау комиссиясының 10 айда атқарған жұмысын баяндады.
Әуелі партияның негізгі 4 жобасы аясында атқарылып жатқан ілкімді істерге кеңінен тоқталды.
– Жетекші партияның беделін көтеру мақсатында жүктелген мін­дет­тер толық орындалуда. Жоба шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға келсек. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Әріпұлы мен Жанкелді Ойшыұлы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетті. Одан бөлек, «Қарттарым –асыл қазынам» акциясы негізінде 26 ауылдық округтегі ҰОС және тыл ардагерлері үйіне тоқсанына бір рет тазалық жұмысын жүргіземіз. «Бақытты отбасы» жобасы бойынша «Қызылқұм» ЖШС мен «СКЗ-U» серік­тестігінің демеушілігімен әлеу­мет­тік жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларына мектепке қажетті формалар тегін үлестірілді, – деді Мәжит Балқожаев.
Сондай-ақ ол «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық партия филиалының ықпалымен жыл басынан бері бір миллион теңгенің көмегі көрсетілгенін атап өтті. Оның басым бөлігі, Арыс қаласында орын алған апатқа байланысты қар­жылай және материалдық көмекке жұмсалған. Оған қоса, Құрбан айт мерекесінде орталық алаңға киіз үй тігіліп, мүмкіндігі шектеулі бала­ларға дастархан жайылған. Әрі «Мектепке жол» акциясымен тұрмысы төмен отбасының 10 баласына мектепке қажетті оқу құралдары беріл­ген. Ал партияның төртінші басым­дығы «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты жобасы аясын­­да тұрақты түрде барлық мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілген. Ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер ұйым­дастырылған. Сөзін түйіндеген Мәжит Байқожаұлы партияның ау­дан­дық филиалы алдағы уақытта да тұрғындардың талап-тілегін еске­ріп, мәселелердің дер кезінде шешімін табуға тайсалмай қызмет ете беретіндіктерін жеткізді.
Одан кейін, аудандық мәсли­хаттағы «Nur Otan» партиясы депу­таттық фракциясының он айда атқарған жұмысы жайлы, фракция жетекшісі Зағипа Абжалелова хабар­лама жасады. Мәслихат депутаты партия өкілі ретінде елдің мұң-мұқтажын ескеріп, қордаланған өзекті мәселелерді шешуде депутаттық кор­пус­тың жұмысы жүйелі екенін тілге тиек етті.
Конференция соңында күн тәр­тібіне сай, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы кандидатурасына аудан әкімі Сұлтан Мақашов ұсынылып, делегаттардың бірауыздан дауыс беру нәтижесінде филиал төрағасы болып сайланды. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Ақмарал Әлназарова Партия өкілдеріне жүктелген жұмыстың сапалы әрі айқын орындалуына баса мән беру керектігін сөз етті.

Әбдісамат ӘБДІШ
12 қараша 2019 ж. 766 0