№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » МАҢЫЗДЫ МӘМІЛЕНІҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН

МАҢЫЗДЫ МӘМІЛЕНІҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН


Биыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланғаны белгілі. Бұл бағытта ынталы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдау да аз емес. Осы орайда, жақында әкімдікте өткен алқалы басқосуда аудан әкімдігі, аудандық ауылшаруашылығы кәсіподақтар кеңесі, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арасында 2018-2020 жылдарға арналған үшжақты меморандумға қол қойылды. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған құнды құжат 7 бөлімнен тұрады. Бірінші, экономикалық жедел технологияларды жаңғырту. Екінші, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту. Үшінші, Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу. Төртінші, адами капиталдың сапасын жақсарту. Бесінші еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті сақтау. Алтыншы, әлеуметтік әріптестікті арттыру. Соңғысы, жалпылама қорытынды ережелерден тұрады. Міне, осы аталмыш бағытта аудандық үшжақты комиссияның жұмыс жоспарын комиссия төрағасы, төраға орынбасарлары және мүшелері бірлесе нәтижелі жұмыс жасауға уағдаласты.

Самат КЕРУЕНБЕКТЕГІ.
21 сәуір 2018 ж. 1 152 0