№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсары өсірудің майталман маманы

Мақсары өсірудің майталман маманы

Өз ісін өрге сүйреп жүрген жанның бірі «Өзгент – С» шаруа қожалығының мақсары егушісі Әбдірейім Тлеубергенов.

Кейіпкеріміздің осы салада жұмыс жасап келе жатқанына бірнеше жыл болды. Техниканы тізгіндеумен қатар диқаншылықтың қыр-сырын меңгерген ол биыл мақсарының «Нұрлан» сортының әр гектарынан 23 центнерден өнім алды.
– Еңбек адамы болғандықтан уақытпен санаспай, маңдай терімізді төге жұмыс жасаймыз. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші науқан уақытысында мол өнім алып, бала-шағамыздың несібесі үшін осы салада еңбек етіп келемін, – дейді ол.
Оның сөзінше, ерте көктемде жерді бір суландырып, 5-8 см тереңдікте 60-70 см арақашықтықпен мақсары дәнін егу басталады. Егістік көлемнің жылдан жылға көбеюі осы дақылға деген сұраныстың артқанынан болар, биыл 41 гектар жерге мақсары дәні себіліпті. Мақсарының басқа тұқымдардан ерекшелігі шығынға ұшырамай ойдағыдай өнім алу үшін уақтылы егу өте маңызды, сонымен қатар зиянкестермен аз зақымдалады екен.
Әбдірейім ағамен әңгіме барысында мақсарының шөптесін өсімдік, майлы дақыл, жылу сүйгіш және шөлге төзімді екенін білдік. Пісу мерзімі 90-120 күн аралығы. Айта кететіні, мақсарыдан алынатын май сапасы күнбағыс майынан еш кем емес. Ас дайындау және маргарин жасау кезінде де қолдануға болады. Өңдеу барысында қалған күнжарасы болса малға таптырмас азық болатынынан хабардар етті.
Бабын тапсаң – байлық жерде. Бұған осы шаруақожалықта жұмыс жасайтын берекелі ұжымның еңбегі дәлел. «Өзгент-С» шаруақожалығының төрағасы Бақытжан Төлегенов басқаратын бұл бірлестікте жеті адам жұмыспен қамтылған. Осы жұмысшылармен бірігіп еңбек етіп, нәтижесінде жиналған өнім мақсары күйінше Шымкент қаласының кәсіпкерлеріне сатылған екен.
Әңгіме барысында Әбдірейім ағамыздай еңбекқор адамның еңбегі бағаланбауы мүмкін емес деген ойға келдім.

Лаура БИБАСАРОВА
19 қазан 2019 ж. 979 0