№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Үздік диқаншы»

«Үздік диқаншы»


Әрине, мұндай биіктікті бағындыруда егіншілердің ерен еңбегі шешуші рөл атқарды. Еңбегімен еленген сондай азаматтың бірі – Қасиман Қоңыратбаев. «Хамит» шаруа қожалығының күріш өсірушісі «Алтын дән – 2017» салтанатты шарасында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолынан «Облыс чемпионы» атағын алды.
Қасиман Ерсұлтанұлының осы салада үзбей еңбек етіп келе жатқанына жеті жылдан асыпты. Техниканы тізгіндеумен қатар диқаншылықтың қыр-сырын терең меңгерген күрішші биыл «Лидер» сортының әр гектарынан 60-70 центнерден өнім алған.
Еңбек адамы уақытпен санаспай маңдай терін жер анаға сіңірді. Соның нәтижесінде мол өнім алады. Әрине, мұндай диқандар Жаңақорған топырағында өте көп.
04 қаңтар 2018 ж. 3 500 0