№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БИДАЙҒА ОРАҚ ТҮСТІ

БИДАЙҒА ОРАҚ ТҮСТІ

Күздік бидайға орақ түсті. Егіс даласындағы жұмыстарға барудың реті келмеді. Дегенмен мән-жайды дала жұмысының басы-қасында жүрген аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысынан білдік.

– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенін дамытып, экономиканың негізгі драйверіне айналдыруға басымдық берді. Яғни аграрлы саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс көздерін ашуды тапсырды. Осы бағытты басшылыққа алған аудан әкімі Ғалым Әміреев жаңашыл бастамаларға қадам жасап, жемісті жұмыс атқарып келеді. Әсіресе импорттық тауарлар көлемін азайту, экспорт әлеуетін арттыру, кооперативтік қозғалыстарды кеңейту, ауылшаруашылық саласында заманауи техниканың үлесін арттыру, өнімділікті арт­тыратын заманауи технологияларды қол­дану және жоғары элиталық тұқымдарды будандастыру және суды аз қажет ететін дақылдарды егуді (күздік бидай, мақсары және т.б) айтуға болады, – деп бастады әңгімесін Тұрған Базарбаев.
Оның сөзінше, бидайлықтың көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр 2700 га жерге күздік бидайдың дәні тасталса, биыл 37 га артығымен екті. Өткен жылы гектарынан 21,6 центнер өнім жинап, қамбаға 5845 тонна дән бастырды. Ал биыл 4 шілдедегі мәлімет бойынша, орта есеппен гектарынан 24 центнерден 2025 тонна дәнді дақыл жиналды.
– Ауылдық округтер ішінде қайсысы күздік бидайды көп екті?
– Аққорған ауылында 1071 га егілсе, оның ішінде 400 гектары орылып, 25,0 центнерінен 1000 тонна өнім жиналды. Қожакентке тиесілі 270 гектар жердің 125 гектарынан 30,0 центнер, яғни 360 тонна өнім қамбаға құйылды. Жаңарықта 122 гетары себілген күздік бидайдың 53 гектарынан 25 центнерден өнім алды. Өнім жинауда осы ауылдар алдыңғы орында дегенді білдірмейді. Себебі Келінтөбе ауылдық округінің диқандары 425 га жерге күздік бидай тастады. Ал, Қыркеңсе – 367 га, М.Нәлібаев – 234 га, Қаратөбе – 248 га жерден дәнді дақылды жинайды. Яғни қамбаға дән толық құйылғанда ауылдық округтер бойынша толық мәлімет белгілі болады.
Аққорғандағы «Икмат» шаруа қожалығының төрағасы Қамбар Садықов:
– Биыл 33 га жерге күздік бидай ектік. Күз-көктем айлары жауын-шашынды болғандықтан егін бітік болды. Жылдағыдан жоғары өнім жинаудамыз. Қазір гектарынан 26-27 центнерден өнім алудамыз, – дейді.
Иә, қай шаруақожалық болмасын басты міндеттері астықты төкпей-шашпай жинап алу болып тұр.

Лаура БИБАСАРОВА
10 шілде 2019 ж. 1 720 0