№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл мұғалімінің абыройы асқақ

Ауыл мұғалімінің абыройы асқақ

Бүгінгі таңда ұстаздар тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білуі керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны құптарлық. Көштің басын бастау қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы. Міне, осы талап үдесінен шығып, көшбасшылық қабілетін ісімен көрсете білген сүттіқұдықтық Асылжан Таласбекұлы жақында марапат биігінен көрінді. Он екі жылдық еңбек өтілі бар ұстаз бүгінге дейін нәтижелі жұмыс жасап, ұйымшыл ұжымның ынтымағына ұйытқы. Оған қоса, жас буынның қоғамдық интеллектуалдық ой өрісі мен тәлім-тәрбиесіне жауапты болып, бес жыл бойы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

Бүгінде Сүттіқұдық ауылындағы №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, І санатты ұстаз Асылжан Өтебаевтың тәлімгерлік жолдағы еңбегі ерен. Сарапшы және мектеп тренері деген біліктілігі тағы бар. Жақында ғана «Жолдау – өрлеу өзегі» тақырыбындағы облыстық үгіт-насихат бригадалар сайысында І-орын иеленді. Оған қоса, ұстаздар мерекесінде аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Асылжанмен тілдесу барысында ол Тұңғыш Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – адами капиталдың сапасын арттыру екенін жеткізді.
«Білім – болашақ дамуының кілті. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – заман талабы. Өйткені, ғылым дамымай дүние дамымайтыны айқын. Сондықтан да төртінші өнеркәсіптік революция – осы кезге дейінгі адал еңбектің жемісін көретін кезең десек те болады. Алайда, жаңа технология алып келетін жаңа дәуірде оның барлығы адамзаттың қолынан шығатынын ұмытпағанымыз абзал. Яғни адами капиталдың сапасын арттыру – бүгінгі ұстаз борышы». Бұл Асылжанның Жолдаудан түйген пайымы.
Шәкірт – жетістігі, мұғалімінің жемісі екені айқын. Мектеп тренері Асылжан Таласбекұлынан озат оқушылардың білім бәсекелерінде бағындырған белесін сұрадық.
– Шыны керек, біздің білім орданың шәкірттері түрлі білім додасына қатысып, мектеп абыройын асқақтатып жүр. Әрине, жеке-жеке бәрін атап өту мүмкін емес. Десе де, өзге шәкірттерге үлгі болсын деген ниетте өзімнің оқушыларымды атап өтсем. Хантөре Ақтөреұлы аудандық жас ақындар айтысында ІІІ орын және ол облыстық ақындар мүшайрасында ІІ орын алған. Ал Динара Есенбек облыстық эссе байқауында І-орын иеленсе, Жансая Баянбай республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІІ орын алды. Оған қоса, бір топ оқушыларым облыстық «Әжем айтқан қорқынышты ертегі» атты нашақорлыққа қарсы көрінісі сайысында І орын алған болатын, – дейді Асылжан.
Шәкірттерден бөлек, өзінің де шығармашылық жетістіктері бір төбе. Білім мен көшбасшылық қасиетті қатар ұстаған талантты жастың еңбегі талай мәрте еленіп, аудан әкімінен бастап, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімі, қоғамдық ұйымдар мен «Nur Otan» партиясынан алған «Алғыс хаты» жетерлік. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол он екі жылдық еңбек жолында шәкірттерінің сапалы білім алып, зиятркерлік қырының ашылуы мол мүмкіндік туғызды. Өзі де тұрақты түрде өзін-өзі дамыту біліктіліктеріне қатысып, білімін шыңдап келеді. Мәселен, 2016 жылы Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында мұғалімдердің ІІ деңгейлік курсын, 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» тренерлік курсын, 2018 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша курсын тәмамдады.
Сөз соңында: «Әрбір бала – тұлға, білікті педгогтың міндеті әрі тұлғаны көре білу, жүректеріне жол таба білуі ләзім. Барша мұғалімдердің басты мақсаты – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін тұлғаны тәрбиелеу», – деді Асылжан Өтебаев.
Иә, ұстаз еңбегі қашанда өлшеусіз. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел ертеңін кемел біліммен тәрбиелеп шығару ерен еңбекті талап етеді.

Әбдісамат ӘБДІШ
15 қазан 2019 ж. 749 0