№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ

МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ

     Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Ұстаз өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білуі керек.



    Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны құптарлық. Сабақтан тыс уақытта түрлі пәндік білім бәйгелеріне дайындап, оқушының озат қырын ашу да ұстаздың орны ерек. Осы тұста, жақында ғана мектеп абыройын асқақтатқан қос білімпаз жайлы айта кетсек. Біріншісі, Ақжан Ержанқызы жоғарғы сынып оқушысы жалпы білім беретін пәндер арасында өткен республикалық пәндік олимпиадаға аудандық іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңде ІІІ-орын алды. Сәтін салса, Ақжан Шаптай ауыл абыройын республикалық додада қорғайтын болады. «Ақжан алғыр қыз. Бұған дейін аудандық, облыстық деңгейдегі бірнеше байқаудан жүлделі оралып, мұғалім мерейін асқақтатып жүр. Барлық пәнге деген қызығушылығы зор», дейді Ақжанның жетекшісі Бағила Мырзахметова.
Ал, екінші озат оқушы – Сабина Ерболатқызы. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобасының республикалық «Зерде» конкур­сының аудандық кезеңінде мате­матика секциясы бойынша І-орын алды. Одан әрі облыстық кезеңнен де сүрінбей өтіп, жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады. Бүгінгі таңда Сабина респу­бликалық «Зерде» конкурсына ұстаз­дарымен бірге қызу дайындық үстінде. Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Ақниет Ереханқызы Сабинаның білімін шыңдап, білім додаларына баптауды бастап кетті.

  Иә, білім – болашақ дамуының кілті. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – заман талабы. Осындай сәтте, мектеп басшысы Күлжан Айменованың ұйымдастырушылық қабілеті мен жасап отырған қамқорлық қасиетіне алғыс білдіреміз. Яғни, талап пен тәртіп, тәрбие мен білім, сенім мен демеудің нәтижесінде осындай жетістіктерді бағындырудамыз.
2019 жыл «Жастар жылы» аясында қос бірдей жеңімпаз оқушылардан өзге шәкірттер де түрлі байқауларға қатысып, биіктен көрінетініне сенеміз.

Ақтоты АЛПЫСБАЕВА,
№167 жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


15 қаңтар 2019 ж. 1 615 0