№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қылмыс былтырғыдан азайған

Қылмыс былтырғыдан азайған

Соңғы кезде сот жүйесіне ендіріліп жатқан реформалар сот ашықтығын, жариялылықты арттырып, сотқа деген жұртшылықтың сенімін нығайтумен қатар сотта шешімін тапқан істер бойынша актілердің сапасын арттырып, кадрлық жүктеменің реттелуіне бағыт алып келеді. Жаңақорған аудандық сотының 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс барысы жөнінде аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы Исағали Тұңғышбаев төмендегіше мәлімдейді.

– Әлеуметтік-әділеттілік принцип­теріне негізделген жаңғырған қоғамда озық елдерге тән адамның жеке басы құқы мен құндылығын құрметтеу аясында Заңның бірнеше бабына өзгерістер енгізу уақыт талабына айналып отыр. Осы орайда Елбасының өткен жылдың қараша айында Жоғары сотқа жолдаған тапсырмалары негізінде мемлекеттік құрылымдармен келісе отырып тиісті баптар бойынша тиімді тетіктер әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар заңға жүгінген тұрғындардың талабын қанағаттандыру және заңдық сауаттылығын қамтамасыз етуде сот саласымен сабақтаса жұмыс жүргізіп келе жатқан медиация қызметінің де орны мен сапасы айқындалып келе жатқанын айтуға тиіспіз.
Былтырғы жылмен салыстырғанда 2019 жылдың 9 айында азаматтық іс бойынша талап арыздар азайған. Былтыр оның саны 791 болса, қаралған 564 істің 123-і медиация арқылы шешілді. Биыл 491 істің 564-і қаралды, оның ішінде 28-і медиацияның үлесінде. Сот кабинеті арқылы яғни сандық электронды қолтаңба бойынша былтыр 788 арыз түссе, биыл 491 арыз түскен.
2018 жылдың 9 айында 75 қылмыстық іс қаралса, биыл 78 іс қаралды. Осының ішінде медиация тәртібімен былтыр 10, биыл 21 іс азаматтық іс бойынша былтыр 23, биыл 28 іс шешімін тапты.
Әкімшілік іс бойынша былтыр 479, биыл 527 тұлғаға қатысты әкімшілік іс жүргізілді. Осы ретте жекелеген баптарға ізгілендіру қағидасына байланысты өзгеріс ендірілгелі отыр.
Азаматтық істер бойынша медиацияның араласуымен 400-ден аса іс өз шешімін тапқан. Мұның өзі сот жүктемесін жеңілдетумен қатар коммуналдық қарыздар бойынша келіп түсетін талап арыздарды тоқтатты. Өйткені бұған дейін жарыққа, телефонға қарыз тұлғалар жөнінде арыздың көптігі оған кеткен уақыт пен күш-қайратты сарп етіп келсе, медиация жұмысының ықпалымен тараптардың жауапкершілігі тәртіпке түсіп, уақытылы төлемнің қалыптасып келе жатқаны байқалады.
Отбасындағы кикілжің, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша келеңсіз әрекеттер едәуір азайған. Өйткені ерлі-зайыптың сотқа шағымдануы отбасы бюджетіне салмақ салып, тұрмыс ахуалын одан сайын ауырлатқаннан басқа түк те емес. Сондықтан да өзара кешірімге келіп, тіл табысу тиімді. Осы жағдайларды түсіндіріп, татуластыру бағытында тер төгіп жатамыз.
– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бағыты одан сайын айқындалған, ата-бабамыз дәстүр-салтының алтын арқауы, ұлттық менталитетіміздің мықты тіні болып саналатын Билер алқасы жөнінде не айтасыз?
– Биыл тамыз айында Жоғары сот бастамасына орай Билер алқасын құру туралы облыс әкімінің өкімімен бұл міндет жүйелі жолға қойылды.
Жаңақорған ауданы бойынша барлық ауылдық округтерде Билер Кеңесі құрылды. Оның құрамы үш, бес немесе жеті кісіден құралуы тиіс. Елге беделі бар еңбегі сіңген, сөзі уәлі, аузы дуалы ел ағасы, ел анасы деңгейіндегі тұлғалардың алдына келген толғақты мәселелердің заң алдында әділ шешілуіне ықпал етіп, тұтастық пен тұрақтылықтың, ынтымақ пен ауызбіршіліктің тұтқасы боларлықтай мазмұнға ие бола алса, бұл бүгіннің де болашақтың да жарқын келбетін қалыптастыратынына кепілдік беруге болады.
Кеңес құрылған аз ғана уақыт аралығында аудан бойынша 2 қылмыстық, 2 азаматтық іс шешімін тапты. Татуластыру нәтижесінде екі отбасы сақталып қалды, – дейді ол.
Аудандық сот қызметінің өкілі сонымен қатар мекемеде Виртуалды сот, Түнгі сот пилоттық жобалары іске асып жатқанын, мұның өзі азаматтардың уақытын үнемдейтіні, қаржының да қалтада қалып, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға негіз қалайтынын айтты. Осы жоба аясында 17 іс виртуалды тәртіппен, 2 іс түнгі сотта қаралды. Сот ісін жүргізудің тәртібі арқылы аудандық полицияда күдікті ретінде бұлтартпас шараны қолданған азаматтарға Он-лайн режимде қамау немесе кепілге алу жөнінде шешім шығару жолға қойылыпты.
Тарқатып айтқанда, заңды тетіктердің барлығы адам тағдырына таяныш боларлық әділдігімен әлеуетті. Сондықтан оған қоғам болып жанашырлық қажет. Заң қағидаларының мінсіз сақталуы ең алдымен ар тазалығына келіп тіреледі. Ал арға сүйенгенді заң да сүйейді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
08 қазан 2019 ж. 747 0