№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты 2019 жылдың 9 айы бойынша жұмысын қорытындылады

Жаңақорған аудандық соты 2019 жылдың 9 айы бойынша жұмысын қорытындылады


Жаңақорған аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.   

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы И.У.Тунгышбаев 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде аталған мерзімде барлығы 76 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 37 іс бойынша айыптау үкімі 1 іс бойынша ақтау үкімі шығарылғанын, 32 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, осы тоқтатылған қылмыстық істердің 26-сы бойынша тараптар медиация Заңы  негізінде татуласқандарын, электронды түрде 34 іс қаралып аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде 446 азаматтық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 85 арыз бойынша сот бұйрығы, 256 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 66 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 28-сы медиация тәртібімен тараптардың татуласуларына байланысты тоқтатылғанын, 31  арыз қараусыз қалдырылғанын, 83 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Ал, әкімшілік құқық бұзушылық істер жөнінде 2019 жылдың 9 айында барлығы 524 тұлғаға қатысты 524 әкімшілік істер қаралғаны, 446 тұлға әкімшілік жазаға тартылғанын, 72 әкімшілік құқық бұзушылық іс тоқтатылғанын, оның ішінде 57 іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын айтып өтті.
Сонымен қатар 2018 жылдан бастап аудандық сот ғимаратының бірінші қабатында ашылған халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышында  4 кәсіби медиатор жұмыс күндері таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі 18.00 аралығында аудан халқына құқықтық көмек көрсетіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу, сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға септігін тигізуде.
Ағымдағы жылдың 9 айында сот ғимаратында қызмет көрсететін кәсіби медиаторлардың қызметіне 708 азамат жүгінсе, олардың 697-ы бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, осы негізде 697 дау бойынша сотқа дейінгі тәртіппен шешілген.
Жаңақорған аудандық сотында «Виртуалды сот» және «Түнгі сот» пилоттық жобалар аясында әкімшілік істер белсенді түрде қаралуда.
Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тунгышбаев сот жүйесі қысқа мерзімде алға қарай үлкен қадам жасағанын айта келе, аудандық сотта жұмыс жасап жатқан «Виртуалды сот», «Түнгі сот» пилоттық жобалары - азаматтардың уақытын, олардың жеке қаражаттарын үнемдеп, істерді қарау мерзімін қысқартып, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратынын айтып өтті.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасының міндетін атқарушы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің барлық сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
04 қазан 2019 ж. 778 0