№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді


         Жаңақорған аудандық сотының төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

         «Азаматтарды қабылдау» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығымен жариялығын арттыру мақсатын көздейді.
         Азаматтарды қабылдау сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету жолдарының бірі  болып табылады. Осыған сәйкес, аталған шара аудандық сотта әр айдың сәрсенбі күні өткізіледі. Кез-келген азамат белгіленген күні сотқа келіп, сұрақтарына жауап ала алады.
         Қабылдауға кент тұрғыны Б. есімді азамат келіп келіп,көршісімен  жер дауы мәселесіне және заңнамаларды түсіндіруге қатысты сұрақтарын қойды.
         Төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева даулы мәселеге байланысты заң аясында толыққанды жауап беріп,  заңнама талаптарын түсіндірді.
         Сонымен қатар, қабылдауда болған азаматқа сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді және қазіргі таңдағы сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялар туралы айтылды.
         Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері аясын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын, бұл пилоттық жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, жаңа жоба медиация институтының дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін түсіндірді.
         Судьялардың халықпен жүздесуі  азаматтарға дәйекті жауап  алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қараша 2018 ж. 1 319 0