№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖҰРТТЫ ҚУАНТҚАН ЖАРЛЫҚ

ЖҰРТТЫ ҚУАНТҚАН ЖАРЛЫҚ

«Қарыз алудан бұрын береріңді ойла» дегенді ұстанған қазақ қарыз мәселесіне өте сақтықпен қарайтын еді. Мұның бәріне нарық жағаласып, қарыз алуға етімізді әбден үйретті. Қазір қазақ үйленсе де, үй соқса да кредитке тәуекел етеді. Бірақ бәрінің уақытылы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қарапайым халықтың екінші деңгейлі банктерге берешегі көбейді. Тұрғындар алаңдап, көңілі ала-құла тарта бастады.
2019 жылдың 26 маусымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптің көңіліне медет сыйлап, кепілсіз қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшін бір реттік акция өткізу жайында Жарлыққа қол қойды. Бала-шағасының несібесінен жырып, банкке төлейтін қарапайым азаматтар жаңалықты естіп серігіп қалды. Арада екі ай өткенде екінші деңгейлі банктерге қарызы барларды Үкімет өтеп берді. Қуанышқа кеңелген тұрғындарды әңгімеге тартып көрген едік.

«Маған ел тұрғындары тарапынан кепілсіз тұтынушы несиесін төлеп беру турасында көптеген өтініштер келіп түсті. Мемлекет басшысы ретінде бұған бей-жай қарай алмадым. Сондықтан үкіметке тұрмысы төмен азаматтардың несиесін өтеп беруге байланысты бір реттік акцияны өткізуді тапсырамын» деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кредиттен еңсесін көтере алмай жүрген қарашаның қарызы қалай өтеледі деген сауал маусым айынан бері бұқараның арасында қызу талқыланды. Үкіметтің бұл қадамына күдікпен қарап, артынан саяси мән іздегендер де көп болды. Мұндайда қазақ «біткен іске сыншы көп» демей ме?
Осы тұста айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаровтың :
«Оян қазақ» деуші еді Міржақыптың ұраны,
Атамыздың айтқаны санамызда тұр әлі.
Жалақысын ала алмай, кредитін жаба алмай
Оянбақ түгілі бұл қазақ ұйықтай алмай жүр әлі, – деген сөзі еріксіз еске оралады. Президенттің шешімінен соң енді кімдердің көңілі жайланды? Соған тоқталсақ. Бүгінде билік бұқараны кредиттен құтқарып, құзға құлатпай, қолтықтан демемек ниетте. Ендеше кімнің несиесі төленеді, кім қарызынан құтылады, анығын айтайық.
2019 жылдың алғашқы айында тұрғындардың қаржы орталықтарының алдындағы қарызы 6 трлн теңге болған екен. Сондықтан мемлекет жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспайтын азаматтардың қарызын азайтуды дұрыс деп тапты.
Көптеген азаматтардың несиелік жүктемесінің өсіп, таза табыс көлемі төмендеп, несиелерін өтеудің жолдарын таба алмай отырғандықтан Үкімет 500 мыңға жуық несие алушының тұрмысына тікелей әсер ететін шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы тұрғыда төмендегіше шешім қабылдады.
Біріншіден, 2019 жылғы 1 шілдедегі есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында өтелмеген несиелері бар Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару үшін шаралар қабылдау.
Екіншіден, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың кепілсіз өтелмеген барлық несиелері бойынша қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты айыппұлдарды, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу.
Үшіншіден, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу;
Төртіншіден, кепілсіз тұтынушылық несиелер беруде қосымша реттеу шараларын қарастыру.
Президент Жарлығына сәйкес көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, жетім балалар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың несиесі жабылатын болды.
Осылайша шілде айында қарызды өтеуге байланысты қаражатты пысықтау жұмысы Парламентте қаралды.
Депутаттар алдында сөз алған қаржы министрі:
«Біз қазіргі уақытта республикалық бюджеттен бөлінетін 88 млрд теңгеге қосымша 17 млрд теңге қосу үшін проблемалық кредиттер қорының облигацияларын шығарғалы жатырмыз. Парламенттен өткеннен кейін айқындау, пысықтау жұмыстарын 10 шілдеде аяқтап, бірден несиені жабу бойынша жұмысты бастап кетеміз. Жалпы, жұмысты алдағы екі айда бітіреміз», – деді Әлихан Смайлов.

                                                                                                                                                  Лаура АЙДАРХАН
10 қыркүйек 2019 ж. 666 0