№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда несиелік айыппұлдар пен өсімақылар кешірілді

Қазақстанда несиелік айыппұлдар пен өсімақылар кешірілді

Қазақстандықтардың 30 млрд теңгеден асатын несиелік айыппұлдары пен өсімақылары кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті.
ÒазаÒÑÑанда неÑиелÑк айÑÐ¿Ð¿Ò±Ð»Ð´Ð°Ñ Ð¿ÐµÐ½ Ó©ÑÑмаÒÑÐ»Ð°Ñ ÐºÐµÑÑÑÑлдÑ
   «Айыппұлдар мен өсімақылар 30 млрд теңгеден асады. Ұлттық банк олардың 30% жабады, қалғаны - екінші деңгейлі банктер есебінен кешіріледі. Қазіргі уақытта барлық айыппұлдар мен өсімақылар кешірілді», - деді ҚР Ұлттық банкі Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

  Ұлттық банк өкілі келешекте 90 күннен асып кеткен кепілсіз қарыздарға айыппұл, өсімақы салуға заң жүзінде тыйым салынатынын еске салды.

  «Қазір банк қауымдастығымен қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілдерін өзгерту мәселелерін талқылаудамыз. Қарыз жүктемесін шектейтін тұрақты механизм бар. Ол ай сайынғы несие төлеміне табыстың 50% ғана жұмсауға рұқсат береді», - деп атап өтті спикер.

  Оның айтуынша, төлем табыстың 50% асып кетсе, тұрғынға неисе берілмейді.

  «Қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз. Қарыз жүктемесін есептеуде ең төменгі күнкөріс деңгейі және әрбір отбасы мүшесінің күнкөрісіне қажетті сома анықталады», - деді Д. Сәлімбаев. Айта кетсек, 2019 жылдың 26 маусымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Ұлттық банк қазақстандықтардың кредитін жауып беру процедурасын толық түсіндірген болатын.


08 тамыз 2019 ж. 868 0