Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Смайылов қазақстандықтардың борыш жүктемесі қалай азайтылатынын түсіндірді

Смайылов қазақстандықтардың борыш жүктемесі қалай азайтылатынын түсіндірді

   Бүгін 27 маусымда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті.



Шараға спикерлер ретінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков, ҚР индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев қатысты.

"Президенттің атына кепілсіз тұтыну несиелерін төлеуге қатысты азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсуде. Бүгінде әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтар ол - көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылғандар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары. 

Ол бұл мәселе 500 мыңға жуық несие алушының тұрмысына тікелей әсер етіп отырғпнын атап өтті.

"Сондықтан президент бұрын соңды болмаған теңдесіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.Тиісті жарлыққа қол қойды. Басты мақсат - қиын жағдайға тап болғандарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржы ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру. Өкімге үкіметке және Ұлттық банкке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдау тапсырылды: тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы адамдарға мемлекет екінші деңгейдегі банктер мен шағын ұйымдардан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйықыны өтейді. Одан бөлек олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс",- деді Қаржы министрі.

Бұл дегеніміз несие алғандардың 55%, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі несие мен сыйақыны қоса алғанда жалпы қарыз көлемін тұтастай төлеу дегенді білдіреді. Қалған несие алған азаматтардың  қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл олардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізеді.

 
Фото: ашық дереккөз
27 маусым 2019 ж. 1 130 2

гулжаухар от 6 ақпан 2022 23:32
менің каспиде кредитім бар көп балалы анамын алтын алқа иегерімін 09 ноябрде ип кредитке бір милион алдым балдарымды емдету керек болды өзімде емделдім орнымнан тұрамаи қалғам тамақ керек киім керек соған жараттым сол кредитім кешірілема 

гулжаухар от 6 ақпан 2022 23:39
балдарымныңда кредиті бар шертаев самат қаиратович, төлемұратов жалғас