№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЕҢБЕК ӨМІР АЖАРЫ

ЕҢБЕК ӨМІР АЖАРЫ


Ауданда кәсіпкерлікті дамытудың оңтайлы жолы агроөнеркәсіп кешенінде. Бізді шалқиялық Наурыз Тұрлыбектің осы салада табыс табуға бағытталған ұмтылысы қуатты.


Ол уақыт талабына сай бейімделіп агроөнеркәсіп кешенін үздіктер қатарынан көруде аянбай тер төгіп келеді.
– Бүгінде 10 га жерді игілігіме пайдаланып, 15 тонна картошка, 25-30 тонна асқабақ, 30 тонна қауын жинасам, пресспен санағанда 1000 пресс жоңышқа жинау жоспарда бар. Былтырғы жылы облыстық жәрмеңкеге 15 тонна өнім апарсам, аудандық жәрмеңкеде 5 тоннаға жуық өнімді саудаға шығардым, – дейді жас кәсіпкер.
Әр жылда 100 тоннадан аса өнім алатын кейіпкерімізден мол өнім алудың сырын сұрағанымызда, әрдайым ең бірініші тұқымның сапалылығына мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар, агротехникалық ережелерді сақтаудың маңызын да тілге тиек етті.
Қарапайым отбасында әке жолын қуған Наурыз бақша өнімдерін өсіруден басқа ірі қара бағуға да ден қойған. Қазір үш адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Қазір әкімдік тарапынан агро-индустриялық аймақтар қолға алынып, жұмыс жасаймын деген жастарға жер берілуде. Айтылған бастаманың игілігін көріп отырмын. Өзім секілді кейбір жастар екі қолға бір күрек таппай сандалып жүргенде жер алып, егін егіп, одан мол өнім алуда жұмыс жасаса болады, – дейді ол.
Кәсіби кадрға қашанда сұраныс жоғары десек, бүгінгі кейіпкеріміздей жастар қазіргі қоғамның басты талабы. Мұндай мамандар қай саланы болмасын алға сүйрейтіні анық. Сондықтан бала кезінен диқаншылықпен айналысқанды жаны сүйетін Наурыз Болатұлының талпынысы, ізденісі сүйсіндірді.
Қорыта айтқанда, ауылда тұрып, соның ішінде қиындығы көп, тек еңбек пен қажырлылықты талап ететін шаруа түрін таңдауда Наурыз еш өкінбейтінін айтты. «Н. Береке» шаруақожалығының тасының өрге домалауына да осындай жастың маңдай тері сіңгені анық.

Лаура АЙДАРХАН
03 қыркүйек 2019 ж. 710 0