№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Миллионер мұғалімнің Тұрсынбек Қабатовқа қандай қатысы бар?

Миллионер мұғалімнің Тұрсынбек Қабатовқа қандай қатысы бар?


Дәріскерлердің дәстүрлі тамыз мәслихатының биыл ауданда "Білім және ғылым" деген тақырыппен таңбалануының тағылымы тереңде. Осыны алдымен зерделеп, өмірлік мақсатына айналдыра білген алдыңғы толқын қатарында Сүттіқұдық ауылындағы №52 орта мектебінің мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаевты әңгімеге тартып, табиғи қабілетінің қайнар бұлағына көңіл қанықтырғымыз келгені сондықтан.

Екі миллион жылдан асқан адамзат тарихында, оның соңғы бес мың жылы цивлизация дәуірі болып табылады екен.
Адамзаттың дүниені тануы, өзін-өзі тануы, сол арқылы қоғамдық құрылысты өзгертуі алдымен тарихи зерденің жетілуіне байланысты. Ол үшін адам әуелі жаратылыстану ғылымдарына жетік болу керек.
Бала шәкірт – Тұрсынбекті қызықтырған ең алдымен қоршаған орта құпиясы еді. Осы құштарлық оны сурет, бейнелеу өнерімен қауыштырды. Айнала табиғатттың көркін кескіндеген эскиздері оның ішкі әлемімен үйлесіп, табиғи бірлік тарихи зердеге жол ашты. Қазірде ол жаңаша мазмұндағы деңгейлік оқыту бойынша үздік тренер.
Адам тағдырының әуелгі таянышы – өз жүрегінің қалауы. Соның әміріне бағынып, айтқанынан айнымаған – әлемдегі ең бақытты адам. Ұстаз – Тұрсынбек нақ осындай жан. Сәт сайын ғылымның ғажайып нәрінен ләззат алып, сәулесіне жылынатын сезімтал тұлғаның жаңаша оқыту мазмұнына қосқан жаңалығы көп.
– Мен 1973 жылы "Қызыл жұлдыз" кеңшарында дүниеге келдім. Онжылдықты бітірген соң Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың биология факультетіне оқуға түстім. Еңбек жолымды өзім оқыған №52 Аралбаев атындағы орта мектебінде бастадым. Осы оқу ошағына мұғалім етіп бекіткен сол кездегі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Зинабдин Шермағанбетов ағамыз менің арқамнан қағып: "Ауыл мектебінің атын алысқа шығаратын адал да білікті ұстаз болуыңа тілектеспін" деген сөзімен менің талабыма талмас қанат бітіргендей, біт сәт те есімнен шыққан емес.
Ол кісінің адалдық деген сөзінде көп мән жатқанын түсіндім. Жұмысын адалдап атқаратын мұғалім 45 минуттық педагогтық міндетпен шектеліп қалмайды. Оның өмірі тек ізденуден, жансебіл бейнеттен, жан аямай төккен маңдай терден, тәуекелді талаптардан, сол жолда жеңуден, жеңілуден, ақырында атқарған еңбегіңнің қуанышына, жеңісіне қауышудан тұрады екен, - дейді ол.
Жас ұстаз алғаш еңбекке кіріскен күннен бастап қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысты. Семинар, байқау, конференцияларда баяндама жасап, шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибесін шыңдады. Республикалық мерзімді басылымдарда еңбектері жарық көріп, таңдаулылары әдістемелік оқулыққа ендіріліпті. Осындай ізденістерінің нәтижесінде 2011 жылы ел делегациясымен Кореяға сапар шекті. Онда олар он екі жылдық оқыту моделімен жан-жақты танысып қайтты. Тек білім беру үрдісі ғана емес, корей халқының тыныс-тіршілігіне терең көңіл қанықтырған ұлағатты ұстаздар тобының бұл халықтың биік мәдениетіне, тәртіптілігіне, тазалық сүйгіштігіне, бір-бірін терең сыйлай білетін сіз-біздігіне қарап, өркениеттің ең басты критерийлері болып табылатын бұл дағдыларды өмір қалыптарына терең орнықтыра білген қарапайым, бірақ қайратты рухты елге құрметтері арта түсті. Биік ой-сана бар жерде бай білім, әлеуетті интеллектуал қалыптасады. Ондай адам ұсақ-түйек тірлікке, ұрлық-қарлыққа бара ма? Қылмыстың орын алуы ар-ұяттын аздығынан. Тәрбие мен тәлімнен құр қалған бос кеуде ар-ұятты аттап өтері рас. Білімнен бұрын адамға тәрбие қажет екенін, ал бұл жанұядағы ата-ана тәрбиесінен бастау аларын бұлар сол елде анық ойға тоқып оралды.
Ауыл мектебінде білімгерлердің оқуға, ғылымға құштарлығы өте терең. Қазірде Тұрар Әбдіқадыр басқаратын бұл оқу ордасы қатарынан 3 Алтын белгі иегерін шығарғаны айтуға тұрарлық жетістік. Өткен оқу жылында бітіруші 16 түлектің 12-сі ҰБТ-ға қатысып, лайықты білім көрсеткішін таныта алды.
Осы жетістіктерде Тұрсынбек сынды өз мамандығына шексіз берілген шынайы тұлғалардың үлесі үлкен.
Тұрсынбек Жұпарбаев осындай еңбектерінің арқасында түрлі марапаттарды иеленіп келері екен. "Біз таңдаған жұлдыз" медалін кеудесіне тақты. "Лидер образование", "Білім көшбасшысы" төсбелгісімен марапатталды. Екі рет облыс әкімінің грантына ие болып, "миллионер ұстаз" атанды. Тұрсынбектің халықаралық конференцияда жасаған "Жануарларға байланысты ою-өрнектер" атты еңбегі ағылшындардың зор қызығушылығын туғызып, оны олар өз тілдеріне аударып кітапқа ендіргені жөнінде хат келді. Ұзамай ағылшын тіліндегі авторлық туындысы да қолға тиді. Яғни, Тұрсынбекті ұлттық болмысымызды шетелге мойындатып жүрген қазақтың адал перзенті деп мойындауымызға тура келеді.
Сонда да "Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз" дейді ол. Бар нәрсеге байыппен, өз ой-таразысы тұрғысынан сыни көзқарас қалыптастырған ол деңгейлі курстарға барып қатысып, ойға түйгендерін әрдайым ортаға салып отырады.
Кеше, облыста өткен мұғалімдердің Тамыз мәслихатында Білім Министрі Аймағанбетовтың "Алғыс" хатымен марапатталды.
Дарынды оқытушыға жоғары орындардан шақырту жиі келеді екен. Көңілі алып ұшып тұрса да ауылдағы шәкірттерін қимайды. Мұнда да талабы тас жарған қаншама түлек тәрбиеленіп жатыр. Шетқақпай қалардай ауыл баласының жазығы не? Соны ойлайды да жіпсіз байланады, алдында отырған жәутеңкөз шәкірттерін қимайды. Жұпарбаев үшін олардың барлығы бір-бір жұлдыз. Лайым, сол жанған ауылдың бір-бір шырағы мен үміті ұстаз өміріне баянды бақ орнатсын деген ізгі тілектеміз.

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 тамыз 2019 ж. 993 0