№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КЕРЕК

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КЕРЕК


«СКЗ-U» ЖШС ұжымы жыл сайын «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін» атап өтеді. Дәстүрлі шараның жоспарына сәйкес осы күнге кәсіпорын қызметкерлері арасында қоршаған ортаны қорғау талаптарын білуге арналған конкурс, қызметкерлердің балалары арасында үздік сурет салу, аумақты көгалдандыру және т. б. іс-шаралар өткізіледі.


Жалпы, 5-маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Жыл сайын 5-маусымда атап өтілетін бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартады. Бііздің елде де бұл күн ерекше аталып өтеді.
22 мамырда зауытта қоршаған ортаны қорғау күніне орай 20 баланың қатысуымен кәсіпорын қызметкерлерінің балалары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Алдымен, балалар ата-аналары жұмыс істейтін зауыттың жұмысымен танысты. Одан кейін, суреттер байқауы «Өзіңнен кейін қоқыс жина және оны басқасына қалдыруға жол бермеңіз», «Су – оған екі миллиард адам мұқтаж», «Сырдария – біздің өміріміздің өзені» сынды номинациялар бойынша өткізілді.
– Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғай білуге үйрету. Ең бастысы, отансүйгіштік, туған жерге деген махаббатын арттыру. Осындай өнеге арқылы біз ертеңімізді нұрлы етуіміз тиіс. Сондықтан, бұл байқауды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз, – деді өндіріс ошағының басшысы Мәдіхан Әріпұлы.
Байқау соңында кәсіпорын басшылығы балаларға арналған зауытта мерекелік түскі ас ұйымдастырып, келешек маман иелеріне жылы лебіздер айтылды. Әрі бізді қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы шептерге қол жеткізу бойынша міндеттерді шешуге тілек білдірді. Байқауға қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
25 мамыр 2019 ж. 2 252 0