Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалардың танымдық шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы арттыру

Балалардың танымдық шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы арттыру

   Бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметі бір жағынан, белсенділік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт бейнелеу өнеріне тән қасиет.


Балалардың танымдық-шығар­машылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты. Сезім, қызығушылық, дүниетаным да бала іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді. Балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бейнелеу өнерін оқыту барысында бірнеше талаптарды ескеру керек. Мұндай талаптардың бірі-сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету.
Осы тұста, «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің бейнелеу өнері үйірмесінің ынталы жасөспірімдерге берері мол. Бүгінде үйірмеде 20-ға жуық бала бейнелеу өнерінің қыр-сырына қанығуда. Жаңақорғандық жас қылқалам шеберлерінің жеткен жетістігі де аз емес. Мәселен, Шамшудин Санжар, Алтынбек Арсен, Ақнұр Низан сынды шәкірттер облыстық, реубликалық байқауларда топ жарып жүр.
Жалпы, бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі – үнемі шыдамдылық пен сурет салу үдерісі кезеңдері белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық-шығармашылық белсен­ділігі оның бақылауына негізделген.
Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетанымын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.

Жандарбек БЕКТЕМІРОВ,
"Әлшекей" атындағы өнер
мектебінің сурет бейнелеу
өнері мұғалімі.
28 наурыз 2019 ж. 2 202 0