ЖАЙЫЛМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Әрбір елді мекеннің ерекше құрметтеуге лайық жерлері болады. Біз Жайылма ауылдық округінің сондай тарихи-географиялық орындарын саралаған едік...
- Төлес тоғаны шамамен 1910 жылдары алғашқы топырағы үйіліп түрлі қатты шөптесіндер, жыңғыл,қарабарқындарды шауып қаластырумен бөгет жасалған. 1926-1950 жылдар аралығында сол кездегі басқарушылықтың ұйымдастыруымен бұл тоғанға жыл сайын арнайы жұмысшы адамдар бөлініп жөндеу жұмыстарын жүргізіп бөгет қалыңдығы мен биіктігін дамытып отырған. 1984 жылы Жиделі су қоймасы пайда болғалы бері бұл тоған пайдаланусыз қалды.
- Сунақ тоғаны Ресейде терең білім алған Жәрімбетов Әбеннің ұйымдастыруымен курстасы су маманы Серіқұлдың сызбасымен 1920 жылдары басталып, 1929-30 жылдары нәубетке заманына тура келіп аяқталмай қалған .
- Сәмен тоғаны- Келте шалхияны бойлай орналасқан бір рулы ел ағалары Таңбет,Сопбектердің ұйымдастыруымен басталған.
- Бижан арық- Канал астын игеру үшін Жиделі өзенінің Алтыбай таулары тұсынан саға салу мақсатында ауыл диханы Бижан Жапековтің сілтеуімен қысқа және төте су арнасы Эс-100 тракторымен шамамен 11-13шақырым қашықтық 4 метр ендікте қазылған. Сөйтіп 25 шақырым қашықтықта Жиделі өзені арқылы айналып суарылатын канал асты егістік жерлеріне су шығынын азайуын және қысқа құлақпен жылдам келуін қамтамасыз еткен. .
- Омар арық Сәмен тоғаны мен Төлес тоғанының саласынан шығып ауыл шабындығына келетін арық. Асанов Омардың басқарушылық кезінде су сілемімен қазылған. Бұл арықты шөп шаламнан,шылаудан тазартып отыру жұмыстары сол кездегі басқарушылықтың күн тәртібінен түспеген.
- Бел арық Ескі Омар арық пен Жиделі өзенінің тоғысқан тұсынан егістік алқаптарын біркелкі суғару үшін көлденең батысқа қарай қазылған үлкен арық.Бұл арықты да тазарту жұмыстары сол кездегі басқарушылықтың күн тәртібінен түспеген.
- Жиделі өзені бұл өзеннің тарихи сыры әріде . Қаратаудың ортасын қақ жарып батысқа қарай сырғитын көпсалалы бұл өзеннің құпиясы тереңде жатыр. Бір ерекшелігі бұл өзеннің арнасы екпе талдар мен жабайы саялы ағаштарға, жыңғыл мен шеңгелге өте бай.
- Жиделі су қоймасы 1982 жылы салынып, 21 шақырым ұзындықтағы лоток аяқ су жүйесі пайдалануға берілген. Қойманың сыйымдылығы 9 млн текше метр. Лоток су жүйесінің су өткізгіш қабілеті 700л/сек. Бұл су қоймасы Жайылма елді мекенінің аяқ суы мен 800 гектар шабындықтар мен инженерлік жүйеден өткен суармалы жерлерге лайықталған.
- Алтыбай тауларындағы әк зауыттар Артельге ұйымдасу кезінде қолға алынған, Әбдуәлі, Нұртай шалдар түйемен баялыш тасып әк өртеуге жәрдемдескен, кейіннен аудандық деңгейде қолға алынып жұмысшы күші мен қажетті техникалар күшейтілген.
- Қумола – Ленин колхозының бұрынғы орналасқан жері, қасындағы Молдабақырда бастауыш мектеп болған.
Дайындаған Ханзада ДОШАН.