№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ЕҢ...

Ең...
  1. 1964-1970 жылдары Сырдария өзенінің қалыпты жағдайында ең енді жері – 200 метрге дейін жеткен. Ал, тайыз жері – 1,5 метрді құраса, ең терең жері – 30 метр болыпты.
  2. Сырдария өзені суының ең аз болған кезі 1984 жылдың тамыз-қараша айы. Ол кезде «Бірлік» кеңшарына қарасты №3 бөлімше шопандарының қойлары Қауық елді мекені тұсынан дарияны кешіп өткен.
  3. 1960 жылдары аудан аумағында 50-ден астам көл болса, казіргі таңда соның 16-сы ғана сақталды. Оның негізгі себебі, дария суы деңгейінің тұрақсыздығы салдарынан көптеген көлдерге құятын өзен арналары бітеліп қалды. Қазір олардың арасында ең суы молы Өзгент көлі мен Жәшікөл ғана.
  4. Аудан көлемінде Бесарық және Жиделі су қоймалары болса, бұдан өзге Қыраш пен Манап ауылында тоғандар бар. Сондай-ақ, Шұқырой жасанды көлі бар. Осылардың ішіндегі суы ең көбі Шұқырой көлі, онда биылғы жылдың ақпан-сәуір айында 30 млн. текше метр су болды.
  5. Аудан көлемінде ең қысқа мерзімде қолмен қазылған су жолы – Сунақата каналы. Ол 1944 жылы 15 қазанда басталып 1945 жылы 15 қаңтарда аяқталған. Канал жұмысына 23 колхоз бен «Горняк» қосалқы шаруашылығынан 1500 адам, бір автомашина, үш трактор, екі грейдер, алты беккер күрегі, 10 ат скрепері, 29 шана, 50 көлік бөлінген. Каналдың табанының ені 6 метр, ұзындығы 23 шақырымға созылған. Сондай-ақ «Сунақата» деген атпен 11 жауынгерлік парақ пен 3 қабырға газеті шығарылған.
  6. Аудандағы ең бірінші су маманы Ленинградта оқып келген Раушанбек Әбенов. Ол 1920 жылы халықтың басын қосып Сырдария өзені бойындағы Сумағар деген жерден канал тарту жұмысын бастатқан. Өкінішке орай, бастамашының көз жұмуына байланысты жұмыс аяқсыз қалды.
  7. Білікті де білімді басшысы болған Зұлпыхар Мұсахановтың бастамасымен Түгіскен массивін игеруге байланысты канал жұмысы жаңадан жүргізілді. Бұл канал – аудандағы ең ұзын канал. Жалпы ұзындығы – 107 шақырымды құрайды. Кейін оған Мұсаханов аты берілді.
  8. 1966 жылы аудан құрылғанда аудандық суландыру жүйелері басқармасы ұйымдастырылып, оның тұңғыш басқарушысы болып Құлжабек Әйменов тағайындалды.
  9. Ауданда су шаруашылығы мекемесін ең ұзақ басқарған басшы Дәрібай Айдарбеков. Ол бұл мекемені 1994-2011 жылдар аралығында 18 жыл басқарып, 1996-2002 жылдарғы қиыншылық кездері мекемені сақтап калуға зор үлес қосты.
21 мамыр 2018 ж. 1 929 2

Гость Jeahulalf от 7 ақпан 2019 03:15
purchase isotretinoin without rx Cialis Daily Vergleich generic cialis overnight delivery Canadian Health Care Pharmacy Zithromax 5 Day Pack Safe Place To Buy Priligy Viagra Vente Internet cialis levitra direct from india Stendra Avanafil Saturday Delivery Comment Les Hommes Peuvent Durer Plus Longtemps viagra On Line Doxycycline Bentyl Merbentyl Propecia Pildora viagra Is Amoxicillin Penicillin The Same Where Can I Order Some Generic Viagra Cout Levitra 10 Mg Orodispersible Bonamine Discontinued canadian pharmacy cialis Discount Levaquin Online Saturday Delivery

rhjuAbini от 6 наурыз 2020 02:55
sublingual viagra canada viagra viagra pill how viagra works buy viagra