№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫның 10 құпиясы

ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫның 10 құпиясы

Жуырда өңірдегі киелі жерлер туралы ақпарат іздегенімде мына бір он деректі көзім шалды. Рас, тарихта құпиясымен көпшіліктің қызығушылығын тудырған қасиетті қала сығанақ жайында біле отырыңыз.
1. Сығанақ қаласы орта ғасырдағы Орта Азиядағы ықпалды  мемлекеттердің астанасы болған. Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы тәрізді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астана болып келді. желгі түрікше атауы «қамал, қорған» деген мағынаны береді. Сығанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. 
2. Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Егер осы кезбен есептесек, қаланың қазақ елінің астанасы болғанына 1000 жылдан асты деп айтуға болады.
3. Қаланы 1867 жылы П.И. Лерх, 1906 – 07 жылдары И.А. Кастанье, 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әлемде” кездеседі. 
4. Сығанақ қаласының қазіргі орны Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде орналасқан. Қаратау жотасының оңтүстік батыс етегінде жатқан Белқар үстіртінде жатыр. Қазір ол жер жәй ғана төбешікке айналған. Ежелгі қаланың орыны жал-жал болып үйілген қара топырақ. Қорғанның солтүстік беті жермен-жексен болып шөгіп, тегіс жерге айналған. Бүгінде ол маңды жергілікті тұрғындар Сунақ Ата деп айтады.
5. Сығанақ қаласын тарихи деректерде сауда орталығы, керуен жолының маңызды қаласы, «Қыпшақ даласының гаваны» ретінде сипаттап жазады. Фазлаллах ибн Рузбиханның айтуынша, ХVІ ғасырдың басында қыпшақтардың астанасы болған Сығанақтың базарында базар күндері 500 түйе сойылып, кәуап жасалып, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кететін болған. Ал басқа ірі қара мен ұсақ малдың қаншасы сатылатынында тіпті есеп болмапты. Сондай-ақ, оның жазуына қарағанда Сығанақ адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы қала болыпты. Ибн Рузбихан: «Сығанақ қаласы аймақтың солтүстік жағындағы жер жәннатының шеті» деп сипаттаған. Сығанақ кезінде Дешті Қыпшақтың шекаралық сауда бекеті ретінде ғана емес, аумағының кеңдігімен, қауіпсіз әрі тыныш болуымен де даңқы шыққан.
6. Қалаға қазба жүргізіліп жатқан жерден ақбөкеннің бас сүйектері, асықтары өте көп кездеседі. Әсіресе, мүйіздерін аралап, сыртқы қабығын алып тастап ішіндегі өзегінен дәрі жасағандары да байқалады. Оны «мускус» деп атаған. Бұл деректер қалада медицинаның дамуына жағдай жасалғанын көрсетеді.
7. Сауда кезінде талас-тартыс болмаған. Қала тұрғындары онша көп емес, олардың арасында садақтарын мойындарына асынып алған әскери адамдар, олар тыныштықты сақтап жүргендер. Көпшілігі қазақтар. Жалпы, қалаға жан-жақтан әртүрлі елдерден саудаға байланысты адамдардың көптеп келуіне қарамастан, тыныштық сақталып, адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы қала болған.
8. Қазақ хандығының әлемге әйгілі бола бастағандығын Сығанақ қаласынан шыққан теңгелердің археологиялық зерттеу кезінде дүние жүзінің төрт бұрышынан табылғанын көреміз. Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Р.Бурнашеваның зерттеуіне қарағанда, ХІV ғасырдың соңғы кезіндегі Сығанақтан шығарылған күміс және мыс теңгелер Сырдария мен Еділ бойындағы қалалардан табылған. Отырар қаласына жүргізіліп жатқан қазба зерттеу жұмысы кезінде Сығанақтың теңгеханасынан 1371-1372 жылдары шыққан 12 дана теңге табылған. Мұндай теңгелер Еділдің орта ағысындағы және Кама бойындағы қалалардан (1380-1400 жылдарға тән теңгелер) да табылған. Ал Қазан уезі Сосновка ауылының жанындағы №197 қоймадан Сығанақта 1375-1376 жылдары жасалған күміс теңгелер табылған. Алтын Орданың астанасы Сарай қаласына 1996-2000 жылдары жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының кезінде табылған теңгелердің ішінде Сығанақта шығарылған күміс теңгелер шыққан. Бірақ, жазуын оқу мүмкін болмаған.Мұндай дәлелдерді көптеп келтіруге болады. Теңгелердің әр жердегі қалалардан табылуы Сығанақ қаласының дүниенің төрт бұрышымен сауда қарым-қатынасын үзбей жүргізіп отырғанын байқатады. 
9. Сығанақ қаласынан зия­лы, білімді ғалымдар да шыққан: Шайқы баба Сығанаки алғаш Хорезмде тұрса, кейін осы Сығанақта орын тепкен, біраз жыл Жент қаласында да тұрыпты. Бұл қалада Хусам ад Дин ас Сығанаки осы ғалымның үлкен атасы Һисамиддин де (1132-1199) өмір сүрген. Бұл ғалым өзінің атақты діни шығармалары «Нихая» мен «Хидая» кітаптарын осы қалада жазған. Бұл еңбектерге оның немересі Хусамаддин талдау жасаған.
10. XVII –XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әр түрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1801 жылғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдарияалабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген. Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. 
 
28 сәуір 2018 ж. 2 215 1

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 22:09
Amoxicillin Antibiotic Inhibition Zones buy cialis Cialis Farmacia Madrid