№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отты жылдар жаңғырығы

Отты жылдар жаңғырығы


Соғыстың аяқталып, арасы қанша ұзағанымен, ел жадынан оның ауыртпалығы мен қасіреті әлі ұмыт болған жоқ. 23 жасында Ұлы Отан соғысына атанған Бәкір Алмасбайұлы жайлы бір үзік сыр шертуді жөн көрдім.

Бәкір Алмасбаев 1918 жылы 18 сәуірде Екпінді колхозында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1927-1935 жылдар аралығында Шиелі қонысында колхоз-жастар орта мектебін бітіріп, 1936 жылы Қызылорда қаласындағы халық ағарту бөлімшесінде 1 жылдық мұғалімдер даярлайтын курсты оқып, Елтай бастауыш мектебінде мұғалім болып еңбек жолын бастады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Жаңақорған білім бөліміне инспектор болып келеді. Сол жылы Ұлы Отан соғысы басталып (1941-1945) жылдар аралығында қан төгілген сұрапыл соғысқа шақырылады. Ұлы Отан соғысында ағамыз Бәкір Алмасбаев аға сержант шенін алып Калинин және Прибалтика майдандарында шайқаста болған. Әскери машина командирі 5-ші арнайы танк полкінде ұрысқа қатысты.
– 5 ақпан 1943 жылы Рьжов қаласының батыс-шығысында неміс армиясы мен кескілескен жанқиярлық соғыс басталды. Ысқырған, оқ дауысы, адамдардың жараланып ыңырсыған үндері естіледі. Қыстың күні, күн суық, қалың киімнен шым етіп кеудеме оқ тигенін сезгендей болдым. Оң иығым істемей қалды, көтертпейді, сырттан жарадар болғанымды байқадым. Шиеленіс басылған соң, жаралыларды санитарлық бөлім жинай бастады. Әскери госпитальға жеткізіп, Г.Жуковтың бұйрығымен әскери комиссия қалай жаралағаныңды анықтап барып емдеуге кіріседі екен. Қып-қызыл қан ағып қатып қалған екен. Оң иығымды жанап, қолтықтың түбінен, жілігімнің бұлшық етін оқ жұлып кеткенін білдім. 3 айдай әскери госпитальда жатып, жазылып шыға салысы мен қайтадан майданға соғысқа жіберілдім, – деп айтқанын талай рет естіген едім.
Тамыз, қыркүйек айлары ортасында Зайцев деревнясында жаудың 13 жаяу әскерін жоюға қатысты. Небір қиын-қыстау кезеңдер бастан кешірілді. Жеңіске қолымыз жетіп, бәрі де артта қалды. Соғыстағы еңбектері үшін «Ерен еңбегі үшін» «Отан» және «Германияны жеңгені үшін» төс белгілерімен марапатталған.
1946 жылы 23 разъездегі «Детдом» бастауыш мектебінде мектеп меңгерушісі қызметін атқарды. 1957 жылы Екпінді мен «Детдом» мектебінің қосылуына байланысты 1965 жылға дейін қатардағы мұғалім болып еңбек етті. 1965 жылы Екпінді сегіз жылдық мектебінде оқу ісінің орынбасары, 1972 жылдан өмірінің соңына дейін №166 сегіз жылдық мектебінің директоры қызметін атқарды. Білім саласындағы ерекше еңбектері ескеріліп, 1949 жылы Алматы қаласында өткен республикалық халық ағарту ісі қызметкерлерінің слетіне қатысты.
Қосымша Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педагогикалық училишені, 1950 жылы Гоголь атындағы институтты тәмамдаған. Облыстық халық ағарту ұжымы мен кәсіподақ қауымының біріккен қаулысымен 1973 және 1974 жылы «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісі, Қазақ ССР оқу министрінің «Қазақ ССР халық ағарту ісінің оқу қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Ағамыздың қара шаңырағында 3 ұл, 6 қыз тәрбиеленіп, қанаттанды. Олар түрлі мамандық иелері, отбасында соғыс ардагерінің тәрбиелі ұл-қызы болып өз өмірлерін жалғастыруда.
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей Екпінді ауылының зиялы қауымы мен үлкен-кіші тұрғындары елдің ардақты азаматының есімін әрдайым мақтанышпен атап, еске алып отырады.
Жеңістің туын желбіреткен Бәкір Алмасбаетың өмір өрнегі, еңбек жолы мен үлгі-өнегесі ауыл жастарының және әрбір тұрғынының есінде сақталады.

Бағдат БЕКЖҰМАНҰЛЫ,
еңбек ардагері, Екпінді ауылы

07 мамыр 2021 ж. 700 0