№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Бүгін даңқты батырдың туған күні

Бүгін даңқты батырдың туған күні

1910 жылы 24-желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысыБауыржан Момышұлы дүниеге келді.
Ол Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында туған. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы «Әулие Ата» тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.
1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтың қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып әскери қызметтер атқарады. Ол орта азиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.
 Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді.
 Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады.        
1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді.
1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.
1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады.
Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту ордені мен (2 рет)», «Ленин», «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден және медальдарымен марапатталған.        
Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.
Бауыржан Момышұлының, өміріне арналған Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-диалогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы, «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва академиялық драма теарты Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды. 
Бүгінде батырдың өмір жолы жайлы келіні Зейнеп Ахметова кітаптар жазып, ел арасында насихаттап жүр.
 
24 желтоқсан 2019 ж. 859 0