№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарихи сана – Тәуелсіздіктің тірегі

Тарихи сана – Тәуелсіздіктің тірегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы халқымыздың өткенін таразылап, бүгінін бағалап, болашағына бағдар беретін бағдаршам деп есептеймін.

Тарихи сананыжаңғыту – елдіктің тұғырыекенін ұғындырып, тарихшыларменғалымдардың алдына жаңаміндет қойды. Ол – тарихтың ақтаңдақ беттерін тереңінен зерттеп, өтпелі кезеңдердегі тарихи оқиғаларға әділ бағасын беріп, тарих тағылымынан сабақ алу керектігін меңзеді. Мемлекет басшысының сөзімен айтсақ: «Тарихымыздың ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек. Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс».
Бағдарламалық мақаланың тағылымы мол, әрбір қазақ баласы үшін айқын бағдар деуге болады. Мектепте оқылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және оны алдымен өз халқының, өз елінің төл тарихын оқытумен байланыстырады. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл анықтай алады.Өзім мектепте 30 жылдан бері тарих пәнінен сабақ беретін ұстаз ретінде айтарым, бізде оқулықтарда кемшін тұстар жоқ емес, бар. Тарихи оқулықтарды қайтадан қарап, әр сыныптың, әр жастағы оқушының зейінін, сабақты қабылдауын, қызығушылығын, тіл байлығын ескеру керек.
Шынында, тарих пәнін оқып отырған оқушы ешкімнің көмегінсіз тақырыпты еркін түсінуі тиіс. Сол кезде ғана баланың тарихқа деген қызығушылығы арта түседі деп есептеймін. Айта кетейін, 6-шы сыныпқа арналған оқулық түгелдей археологиялық зерттеулерге арналған. Енді ойланып көріңізші 6-сынып оқушысы, небәрі 11 жастағы өспірім археологияны қалай қабылдай алады? Сондықтан оқулықтың мазмұнын түгелдей қызықты тақырыптармен ауыстырса құба-құп болар еді. Бір айта кетерлігі, оқулықтағы мәліметтер тым ауқымды әрі күрделі жазылған. Сол себепті де, оқулықтарды ықшамдап, жинақы әрі түсінікті етіп қайта жазып, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, заман талабына сай деректемелер кіргізу керек.
 Осы тұста айта кетейін, оқу құралдарын жазатын тұлғаның білім деңгейі мен таным түсінігі мол болуы қажет. Білімі мен білігіне тәжірибесі сай келіп, ой ұшқырлығын жазу қабілеті биікке көтергені жөн. Ол баспасөз беттерінде оқулыққа қатысты жазылған материалдарды мұқият оқи жүріп, жинақтауы, қажеттісін түртіп алып, сын ескертпелерді зерделеуі керек. Оқулық жазу оңай шаруа еместігі баршамызға белгілі. Бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал. 
Сонымен қатар, мақалада тәуелсіздіктің құндылығы жастар жадында мәңгі сақталуы үшін оның мән-маңызына, қадіріне жете білуіне ерекше тоқталыпты. Бұл білім, ғылым, тәлім-тәрбие, үгіт-насихат арқылы ұлттық және тарихи сана қалыптастыру арқылы жүзеге асатын іс. Тарихи білім, тарихи сана тәуелсіздіктің рухани тірегі екенін ескере келе, тарихшылар қауымына сын бағыттап, үлкен міндеттер жүктеп қана қоймай, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылмағанын айта келе, бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтар негізінде тың оймен жазу керектігіне айрықша тоқталды.
 ЖұмабайИСАБЕКОВ,
№240 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің тарих  пәнінің мұғалімі
17 қаңтар 2021 ж. 813 0