№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мемлекет басшысының Ақтау қаласына іс-сапары

Мемлекет басшысының Ақтау қаласына іс-сапары

Мемлекет басшысы Ақтау қаласына жұмыс сапары аясында Әбіш Кекілбайұлының аты беріліп, жаңа ғимаратқа көшкен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аймақ әкімдігіне музей құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі заңғар жазушының 80-жылдық мерейтойы шеңберінде пайдалануға берілді. Жалпы, бұл кешен "Әбіш Кекілбайұлы мәдени орталығы" деп аталады. Онда Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінен бөлек, кітапхана мен облыстық музыкалық-драма театрдыңғимараты да салынады. Кешеннің құрылысы биылғы қаңтар айында басталған. Толық аяқталуы 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Оның жалпы аумағы 10,6 гектар жерді құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық музейдің жаңа ғимаратын аралап көрді. Естелік кітапқа тілегін жазып, қолтаңба қалдырды.
11 қазан 2019 ж. 1 127 0