№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТАРИХ – ТАНЫМ КӨКЖИЕГІҢ

ТАРИХ – ТАНЫМ КӨКЖИЕГІҢ

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өлкетану тарихын жан-жақты насихаттау арқылы жастардың тарихи санасын оятып, патриот етіп қалыптастыруға меңзеді.

  «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі Өлкетану музейлерінің жанында тарихи археологиялық қозғалыстар құру маңызды» деп атап көрсетілді мақалада.
Жақында А.Романов атындағы №53 мектебінде Ұлы даланың кемел тарихымен ұштасқан «Тарих әлеміне қош келдіңіз!» атты онкүндік өтті.
Мазмұнды шара аясында «Тарих тереңінен жаңа дәуірге» атты тақырыпта жоғары сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар байқауы өткізді.
Жас ізденушілер ғылыми-публи­цис­ти­калық материалдарын тереңірек зерттеу үшін ғылыми жетекшілері бағыт-бағдар көрсетіп, ізденісін ұштауға көмектесті. Атап айтқанда, Абай Жаманкұловтың жетекшілігімен Аружан Сәруар тарихтан тағылым тартуға тырысты. Сонымен қатар, Бағдат Битібаевтың шәкірті Дамира Аханова, Ақмарал Ергешбаеваның тәлімгері Тамерлан Абдуллади және М.Пиринованың оқушылары Лаура Ибадулла, Ұлжан Асылбекқызы, Сәуле Бұлдырықова Сыр бойындағы тарихи орындар мен оқиғалар жөнінде зерделепті.
Әсіресе, Сығанақ қаласы мен Көккесененің тарихи мән-маңызына зерттеп, қазақ батырларының тұлғалық болмыс-бітімін туралы ізденіпті. Сондай-ақ, қазақ ұлтының көне жазу-сызу өнеріне және Ұлы Дала елінің әр жерінде кездесетін ескерткіштерді еңбектеріне арқау етіпті.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша бірінші орынды Д.Аханова алды. Ал, екінші-үшінші тұғырды Ұ.Асылбекқызы және А.Сәруар өз-ара бөлісті. Т.Абдуллади, Л.Ибадулла, С.Бұлдырықова ғылыми жобадағы ізденісі үшін мектеп директоры Нарымбет Көлжановтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
«Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, мұндай ғылыми шаралардың жиі өткізілуі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруымен қатар төл тарихымызды біліп өсуіне берер көмегі зор...

Расул ӘДІЛБЕКОВ,
А.Романов №53 жалпы мектебінің
тарих және өлкетану
музейінің меңгерушісі.

09 қаңтар 2019 ж. 1 084 0