№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пресс-тур: Хорасан-Ата – әулиелердің әулиесі

Пресс-тур: Хорасан-Ата – әулиелердің әулиесі

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың бастамасымен облыстық, республикалық газет-сайттар мен телеарналардың журналистері Жаңақорғанға арнайы келді. Ондағы мақсат – аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындардың құндылығын насихаттау.

Бұл ел арасында ежелден қалған түсінік. Өйткені Хорасан, яғни Әбдіжәлил бабтың әулиелігі жөнінде тарихта аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Аңыз деуге келмес, өйткені келтірілген деректер шындыққа жанасады. Қазіргі қоғаммен байланыстырсақ та, оның басына барып, Алладан тілеген тілек қабыл болады деген пікірлер өте көп. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов нақты мәліметтермен саяхат барысында бізге түсіндіріп, мысалдар келтірді. Тіпті, Қожа Ахмет Ясауидің өзі осы Хорасан атаға тәу ете келгенінде:
«Тоқсан машайхты артыңда көрдім,
Қаабаны Мәккәні алдыңда көрдім,
Рахым ете көр, бабам Хорасан», – деп хикметіне қосып, қасиетті орынды меңзесе керек.
– Хорасан атаның ислам дінінің таралуында сіңірген еңбегіне тарих сөйлеп тұр. Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің таралуында оның еңбегі зор. Әулиелігі жөнінде ел арасында әңгіме көп. Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар зиярат етіп келеді. Тіпті Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайдан адамдар келіп жатады. Яғни туризмнің бір тармағы ретінде қалыптастыруға әбден болады... – деді Мұхтар Сейітқасымұлы.
Аңыз әңгімелерде Хорасан ата таңғы намазын оқып тұрғанда бүкіл тұла бойы қорғасындай еріп тұратын болған екен. Ислам дінін уағыздаумен қатар жүйке, қояншық, шешек ауруларын емдеп жазатын болыпты. Қазақ халқының эпостық жырларының бірі Қобыланды батыр жырында Хорасан атаның киесі туралы айтылады.
Хорасан ата өлгеннен кейін, құрмет тұтқан халқы оның қабірінің үстіне қорған орнатады. Кейінірек бұл жерге мешіт салынады. Кеңес үкіметі кезінде қиратылған мешіт, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қайта қалпына келтірілген. Хорасан ата кесенесі өзінің әртүрлі көлемдегі әсем кескінді күмбездерімен ерекшеленеді. Нысан зиратта ғана емес, оны қоршап тұрған бірнеше шақырым жазықтан көзге түседі. Хорасан ата кесенесі тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден (28х14х7 см) тұрғызылған. Биіктігі – 14 метр, ұзындығы – 16 метр, ені – 8 мерт. Призмалы корпус болып келген кесененің іші жеке-жеке есіктері бар кіші және үлкен камераларға бөлінген.
Қорыта айтсақ, біз зиярат етіп, құран бағыштаған әулие-әнбиелер туралы тарихта көптеген деректер мен жазбалар бар. Олар жайлы әлі талай естеліктер қағазға түсіріліп, көркем туындылар жазылатын болады. Иә, тәуелсіздік алған жылдардан бастап өшкеніміз жаңарып, жоғалтқанымыз қайта оралып, ғасырлардан сыр шертер төл тарих қайта жаңғыруда. Оған қоса, салт-дәстүр дәріптеліп, мәдени мұра қатары молая түсуде. Бір сөзбен айтқанда, өткенді бағалау, бүгінді саралау арқылы «Мәңгілік Ел» болу жолында кемел келешекке көш түзедік. Қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық.
Әли ТЕМІРБЕК
15 қараша 2020 ж. 984 0