Хорасан Ата киелі мекен
Әбдіжәлил қалай Хорасан атанды?Жаңақорған ауданынан 40 шақырым арыда жатқан «Хорасан ата» кесенесі ақылгөй, данышпан, өз заманында емші, дінбасы болған Әбдіжәлил баб жатқан жер. Шамамен ІХ ғасырда өмір сүрген ол – Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін таратушылардың бірі, Әзірет Әлінің 8-ші ұрпағы саналатын Ысқақ бабтың інісі. Осы қос ұлдың әкесі, бұрынғы Шам шаһарының патшасы Әбдірахман баб көз жұмарында тағын тұңғыш ұлы Ысқаққа табыстапты.
Ал Әбдіжәлил баб Йеменнің патшасы болған. Оның Хорасан ата атануының да өзіндік сыры бар. Ондаған мың қолымен Хорасан қаласын басып алған бас қолбасшыны ел бертін келе осы қаланың атымен атап кеткен көрінеді. Оның Қызылордаға келуі жөнінде Сыр бойын жағалап, Өзкент, Боршынкент, Жаптырсен, Жаркент арқылы Сейхундарияның сол жағалауына, одан бері Қызылқұм өңіріндегі Тотықұс аралын басып өтіп, Жаңақорғанды қоныстанған деген дерек бар.
Меккедегі қағбаның көшірмесі
Хорасан ата кесенесінің күнбатысында 100-110 м шамасында Меккедегі қағбаның көшірмесі орналасқан. Киелі жерге зиярат етуге келгендер қағбаны жеті рет айналып, Меккедегідей қажылық ғұрыптарын орындайтын көрінеді. Аудан тұрғындарының айтуынша, бұл ғимарат киелі орын емес, тек қажылыққа баратындарға «тәжірибеден» өтуге, яғни қажылық қағидаларын меңгеруге дайындық жасау мақсатында салынған деседі. Саз балшықтан, қақпасы солтүстік шығысқа қарата соғылған қағба көшірмесінде жайнамаз төсемей-ақ, кез-келген бағытқа қарап намаз оқыған адам Меккеде намаз оқығандай сауапқа кенеледі деген де сөз бар. Қожа Ахмет Ясауидің өзі осы Хорасан Атаға тәу ете келгенінде:
«Тоқсан машайхны артыңда көрдім,
Қаабаны Мәккәні алдыңда көрдім,
Рахым ете көр, бабам Хорасан», – деп хикметіне қосып, қасиетті орынды меңзесе керек. Мүмкін солай да шығар, ал аталмыш қағбаның қабырғаларының ұзындығы 6,5х6,5 м болса, биіктігі 5 м шамасында екен. Ол бұрынғы орнының үстіне 1995 жылы қайта қалпына келтірілген. Осы жылы Жаңақорған ауданының жұртшылығы әулиенің өмірден өткеніне 1100 жыл толуын атап өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстандағы ұрпақтары келіп қатысып, осы жиында он үш ғасыр бойы сақталып келген Әзірет Әліден Хорасан Атаға мирас болған Ту сабының ұшар басы лауха сатылап келіп, Қожакент ауылының тұрғынына тапсырылған болатын. Бұған дейін бұл лауха Ташкентте болған. Құнды дүние бертін келе Берден қажының перзенті Әбілғазыға, Әбілғазыдан Хорасан мешітіне аманатталған. Ал 2006 жылы Өзбекстанда тұратын Изатулла Шарапов бастаған әулиенің ұрпақтары кесенені қайта жөндеуден өткізген. Осылайша соңғы дерек бойынша, 2007 жылы қарашада қайта қалпына келтірілген Хорасан Ата кесенесінің қайта ашылу рәсімі өтіп, үлкен ас беріліп, «Орта Азия мен Қазақстанға Исламның келуі және ондағы Хорасанның рөлі» атты аймақтық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі.