№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пресс-тур: Өзгентке бет бұратын кез келді

Пресс-тур: Өзгентке бет бұратын кез келді

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың бастамасымен облыстық, республикалық газет-сайттар мен телеарналардың журналистері Жаңақорғанға арнайы келді. Ондағы мақсат – аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындардың құндылығын насихаттау.


Шынында Өзгент қаласына көңіл бөлетін кез келді. Өзгент елді мекенінен батысқа қарай 15 шақырымдай жерде Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында үлкен төбе болып қалған қалаға ғалымдар назарын салмады. Қала шамамен 10-12 ғасырларға тән құрылыс, Ұлы Жібек жолының бойында жатыр. Қалаға жақын жерден  Сырдария өзені ағып жатқан, ескі арна бар. Қала Орта ғасырлық үлгіде. Топырақ үйіліп, оның үстіне биік қорған тұрғызылған.Қорған ішінде терең зындандардың орны бар, қақпаның орны сақталған. Қазіргі кезде барлығы қирап, үлкен үйінді төбеге айналған. Дегенмен зерттеп қараған адамға қала орнынан көзілдірік, құмыралардың сынығы, мыстан жасалған теңгелердің қалдығы көптеп табылады. Қаланың оңтүстік батыс жағында құмыра күйдіру цехы, темір қорыту цехтары болған сияқты, оған әуелі құмыра сынықтарының үйіндісі, темір қорытпаларының үйіндісі дәлел. Біз де оның куәсі болдық.
– Сыр бойының көне қалаларының бірі Өзгент қаласы жайлы тарихи деректерде Отырар, Сығанақ, Сауран секілді қалаларға қарағанда сирек кездеседі. Соған қарамастан бұл қала жөнінде біршама тарихи дерек бар. Бір өкініштісі қазіргі таңда зерттеушілер өз еңбектерінде тарихи деректерден алынған бұл қала жайлы мәліметтер келтіру барысында көбінесе қазіргі Өзбекстан мен Қырғызстанның шекарасында Ферғана даласында орналасқан көне Өзгентпен шатастырып отырады. Ферғана даласындағы Өзгент қаласының тарихы көне, тіпті біздің жыл санауымызға дейіңгі ІI-I ғасырға дейін барады. Араб тарихшылары, зерттеушілері Ибн Хаукаль, Аль Истахри, Ибн Хордадбек те осы Ферғана Өзгенті жайлы деректерді келтірген. Мұндай жаңылыс келер ұрпаққа тарихымызды зерттеу барысында қиындық тудыратыны сөзсіз, – деген тарихшы Әлімжан Ержанов тілшілерге тарихтан біршама деректер келтірді. Әрі көзінің қарашығындай сақтап жүрген көне теңгелерін көрсетті.
Соңғы кезге дейін қала маңынан бүтін құмыралар табылады. Қыш күйдіру зауыты да болғанға ұқсайды. Қала орнында кездесетін қыштың көлемі 30-да 30 см болып келеді. Түсті саздардан құмыра жасау өнерінің жоғары дәрежеде дамығанын байқатады.  Қаланың сыртында егіншілікпен айналысқан арықтардың сілемі жатыр. Қаланың Өзгент аталуының себебі кезінде оғыз тайпаларының қаласы (астанасы) болды ма деген болжам бар. Қаланың сыртында, шығыс жағында, Ұлы жібек жолының сілемі жатыр. Сол жолдың жағасында үлкен бейіт бар. Бейіттің шетінде арнайы салынған сардаба әлі күнге дейін сақталған. 1920 жылдары Совет өкіметінің кезінде қала үстіндегі топырақтың беткі қабатын сыпырып, мылтыққа дәрілік ақжол (селитра) қайнатып алынған. Сырдария өзенінің арнасы шығысқа қарай ауып  кетуіне байланысты қала шөлде қалған. Өзгент қаласының орны Қырғы Өзгент деген атқа ие болған. Жалпы жаза берсек қала туралы құнды деректер аз емес. Тек оны тарих сахнасынан жоғалтып алмауымыз керек.
15 қараша 2020 ж. 639 0