№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХОРАСАН АТА

ХОРАСАН АТА


Әбдіжәлил қалай Хорасан атанды?
Жаңақорған ауданынан 40 шақырым арыда жатқан «Хорасан ата» кесенесі ақылгөй, данышпан, өз заманында емші, дінбасы болған Әбдіжәлил баб жатқан жер. Шамамен ІХ ғасырда өмір сүрген ол – Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін таратушылардың бірі, Әзірет Әлінің 8-ші ұрпағы саналатын Ысқақ бабтың інісі. Осы қос ұлдың әкесі, бұрынғы Шам шаһарының патшасы Әбдірахман баб көз жұмарында тағын тұңғыш ұлы Ысқаққа табыстапты.
Ал Әбдіжәлил баб Йеменнің патшасы болған. Оның Хорасан ата атануының да өзіндік сыры бар. Ондаған мың қолымен Хорасан қаласын басып алған бас қолбасшыны ел бертін келе осы қаланың атымен атап кеткен көрінеді. Оның Қызылордаға келуі жөнінде Сыр бойын жағалап, Өзкент, Боршынкент, Жаптырсен, Жаркент арқылы Сейхундарияның сол жағалауына, одан бері Қызылқұм өңіріндегі Тотықұс аралын басып өтіп, Жаңақорғанды қоныстанған деген дерек бар.
Меккедегі қағбаның көшірмесі
Хорасан ата кесенесінің күнбатысында 100-110 м шамасында Меккедегі қағбаның көшірмесі орналасқан. Киелі жерге зиярат етуге келгендер қағбаны жеті рет айналып, Меккедегідей қажылық ғұрыптарын орындайтын көрінеді. Аудан тұрғындарының айтуынша, бұл ғимарат киелі орын емес, тек қажылыққа баратындарға «тәжірибеден» өтуге, яғни қажылық қағидаларын меңгеруге дайындық жасау мақсатында салынған деседі. Саз балшықтан, қақпасы солтүстік шығысқа қарата соғылған қағба көшірмесінде жайнамаз төсемей-ақ, кез-келген бағытқа қарап намаз оқыған адам Меккеде намаз оқығандай сауапқа кенеледі деген де сөз бар. Қожа Ахмет Ясауидің өзі осы Хорасан Атаға тәу ете келгенінде:
«Тоқсан машайхны артыңда көрдім,
Қаабаны Мәккәні алдыңда көрдім,
Рахым ете көр, бабам Хорасан», – деп хикметіне қосып, қасиетті орынды меңзесе керек. Мүмкін солай да шығар, ал аталмыш қағбаның қабырғаларының ұзындығы 6,5х6,5 м болса, биіктігі 5 м шамасында екен. Ол бұрынғы орнының үстіне 1995 жылы қайта қалпына келтірілген. Осы жылы Жаңақорған ауданының жұртшылығы әулиенің өмірден өткеніне 1100 жыл толуын атап өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстандағы ұрпақтары келіп қатысып, осы жиында он үш ғасыр бойы сақталып келген Әзірет Әліден Хорасан Атаға мирас болған Ту сабының ұшар басы лауха сатылап келіп, Қожакент ауылының тұрғынына тапсырылған болатын. Бұған дейін бұл лауха Ташкентте болған. Құнды дүние бертін келе Берден қажының перзенті Әбілғазыға, Әбілғазыдан Хорасан мешітіне аманатталған. Ал 2006 жылы Өзбекстанда тұратын Изатулла Шарапов бастаған әулиенің ұрпақтары кесенені қайта жөндеуден өткізген. Осылайша соңғы дерек бойынша, 2007 жылы қарашада қайта қалпына келтірілген Хорасан Ата кесенесінің қайта ашылу рәсімі өтіп, үлкен ас беріліп, «Орта Азия мен Қазақстанға Исламның келуі және ондағы Хорасанның рөлі» атты аймақтық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі.
Зиярат ету
Мұнда зиярат етуге келушілер алдымен Хорасан атаның басына тоқтап, Құран бағыштайды. Одан соң әулиеден тараған ұрпақтардың бейіттеріне барып, ақ жаулықтарын іліп, армандарын айтады. Бұл ғимараттың қашан, қалай бой көтергені туралы дерек жоқтың қасы. Тек мұны ел аузында Хорасан атаның ұрпақтары салған деген сөз бар. Ал аңызға сенсек, ертеде Хорасан ата әр жұма сайын «Тотықұс» аралынан ақмаямен желдей ұшып, Меккеге барып, Бамдат намазын өтеп қайтады екен. Осыны сезген оның ұлы Хұсейін әкесіне: «Рұқсат етсеңіз, Меккедегі Кағбатілләні осында көшіріп әкелейін», – депті. Сонда баласын сынамақ болған әке рұқсатын берген деседі. Содан арада біршама күн өткен соң үйге кіріп келген баласы қағбаны әкелгенін айтып, түсіретін жерді сұрайды. Сыртқа шыққанында үй бойындай биіктікте кілем үстінде тұрған Қағбаттілләні көреді. Кенет аяқасты ит үріп, тауық шақырып, түйе боздап, ауыл азан-қазан болып кетеді. Сонда Хорасан ата: «Балам, сені сынайын деп едім, құдіретіңе сендім. Жерге түсірме. Қағбаның көлеңкесін сызып алайын, өзін қайта орнына апарып қой. Бұл жерде аяқ асты болады, өз орнында тұрғаны дұрыс» дейді. Қағбатілланың сол сызып алынған көлеңкесінің орнына топырақ үйіліп, ұзамай тұрғызған деседі ел. Міне содан бері оның құдіретіне иланған жұртшылық Меккеге бара алмаса да, Құрбан айт намазында сол Жаңақорғандағы «Қағбатілләні» айналатынды шы-ғарған. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қағбаны» 7 рет айналған адамның қажылығы өтеледі» деген сөз желдей ескесін, иланғандар ат арылтып келіп, келушілердің қатары көбейе бастаған. Кейін оған жергілікті шырақшылар тыйым салыпты. Қазір Қағба көшірмесінің ішінде VІІ-VІІІ ғасырлардан қалған тастар қойылған. «Тасқа қолыңды қойып, ең үлкен арманын айтқан адамның тілегі орындалады» дейтінге ұқсайды. Оның қаншалықты қисынға келетіні белгісіз.
09 сәуір 2018 ж. 3 078 0