"Күйгентай" тауының құпиясы қашан ашылады?
Күйгентай – Қаратаудың құпияға толы биік тауларының бірі. Бұл жөнінде жергілікті ақын Жүсіп Қыдыров «Жұлдыздарға жол» кітабында: «Осы маңда Күйгентай құсы мекендейтіндіктен, тау осылай аталады», десе, Адырбек Сопыбеков «Жаңарған Жаңақорған» кітабында: «Тау өртеніп, күйіп кеткендіктен «Күйгентау», кейін келе «Күйгентай» аталып кеткенін дерек етеді. Қалай десек те, Күйгентай шатқалы тасқа қашалып жазылған көне таңбаларымен құнды.
Елге белгілі журналист Ержан Байтілестің «Қатпар-қатпар Қаратау» мақаласында осы мекенді суреттегенде: «Мына бір жерде түйе тұр. Оның айналасында екі арыстан жатыр. Түйе мен арыстанның ортасында қолында қылышы не таяғы бар адамның сұлбасын анық көресіз. Әсілі, түйені арыстандардан қорғап жатқан кісі бейнеленген болуы керек. Ана тұста тауешкінің ойнақтап бара жатқаны бедерленген» деген жолдарын кезіктіруге болады.
Маған осы таңбаның қандай мағына беретіні қызықтырды. Бәлкім арыстаннан түйені қорыған адамды бейнелеген шығар. Болмаса, ұрпағының нардай алып, арыстандай айбатты болғанын қалаған шығар. Не десекте, мұның ақиқатына үңілген тарихшылардың пайымы сан түрлі. Қастерлі мекеннің таңбасына байланысты түрлі аңыз-әңгіме ел аузында қалған. Соның бірін Ұлы Отан соғысының ардагері, марқұм Әбіләзім Абыловтан көзі тірісінде жазып алған едім. «Сенің бабаң Байболат өз заманында Қоңыраттың белгілі биі болған», – деп бастады әңгімесін абыз ақсақал. Қарияның сөзіне қарағанда ол өте ілімді, сөзге шешен, бай-бақуатты болыпты десе-ді. Күндердің күні оның ұрпағын «бай-кулак» деп кәмпескелеп, жазбаларын өртеп, туыстарын тергеп, бауырларын өлім жазасына кесіп жатыпты. Сол кезде Байболат алты сандық алтынын Күйгентауға жасырып, тірі қалған жалғыз немересімен қыр асып кетіпті. Уағы келгенде ұрпағына елде тыныштық орнаған заманда, атадан-балаға берілер мирасқа ие болсын деп, жасырған жерін былай жұмбақтап кетіпті. «Намаздыгер уақытында Күйгентайдың таңбасына бұлақтан шағылысқан нұр төгіледі. Таңбадан шыққан сәуле Мешітті жарқыратады. Мешіттің күмбезінен төгілген сәуле Байболаттың байлығын көрсетеді» деп айтып кетіпті.
Бабаның айтқан өсиетімен мирас іздеп осы маңға келгенімен, нұрлы сәуле көрінбеген. Себебі, Кеңес заманында бидің ұрпағы елге оралуға қорыққан. Кейіннен еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, Күйгентай көп өзгеріске ұшырап, тау формасы бұзылғандықтан, табу мүмкін болмапты. Бұған себеп, бидің байлығын көздеген жандар көп болыпты. Соның бірі Қаратауға зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген орыс ғалымы Лев Бергтің құлағына бидің жасырып кеткен байлығы туралы хабар тисе керек-ті. Өзінің қызметтік бабын пайдаланып, шатқалдың шаңын аспанға шығарып, тау жынысын жарылғыш құралмен жарып, Байболаттың таудағы жасырын мешітінің де күл талқанын шығарып, қазынаны таба алмай кетіпті. Осындай ауыр зардаптан, Күйгентайдағы көне таңбалардың көпшілігі бүлініп, кішкентай бөлігі ғана аман қалған.
Қаншама зардап көрген көне таңба әлі де тыныштық тапқан жоқ. Тауға саяхаттап келушілер осы таңбаның үстіне қою бояумен есімдерін жазып, бүлдіріп жүр. Мұны көрген сайын, өскелең ұрпақ рухани жаңғырудың орнына рухани азғындап бара бара жатыр ма деген ой оралады.
Иә, Қарт Қаратауды «Әзіреті Қаратау», «Әулиелі Қаратау», «Қазыналы Қаратау» деп халық бекер айтпаса керек. Әсем табиғатқа бай өлкеге саяхаттап келген талай жандар таңданысын жазып қалдырған. Соның бірі, сонау 1246 жылы саяхаттап келген итальян жиһанкезі Плано Карпини: «Қаратаудағы таңбалы тастар осында мекен еткен халықтың қола дәуірінен бері мәдениеті мен білімі қалыптасқандығының айқын дәлелі. Таңбаны бояғанда осы маңда өсетін өсімдіктерді пайдалануы мүмкін», – депті. Әлемге аты мәшһүр жиһанкез Плано Карпини Қаратаудың қызғалдағына көзі тоймай, оның ұрығын еліне алып кеткенін тамаша таңданыспен жазған. Міне, әлемдегі ең қымбат Голландиялық гүлдің ата-жұрты біздің өлке екені тағы да мақтаныш сезімін тудырады.
Иә, Күйгентай таңбасының құпиясы тылсым табиғатпен үндесіп, сырын ішіне бүгіп тұр. Тарихи жәдігердің жұмбағын шешуді тарихшылардың еншісіне қалдырайық.
Мақпал МАРҚАБАЙ.