№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Батырдың рухы мәңгілік

Батырдың рухы мәңгілік

23 жасында тарихта өшпес ерлік жасаған батырдың бірі Романов. Бұл Романов бірнеше ғасыр патшалық Ресейді билеген Романов әулетінің өкілі емес. Ұлы Отан соғысында 19 фашистің көзін құртып, 15 рота автомашинасы мен 45 автомат және 9 станокты пулеметті қолға түсірген Александр.

Александр Дмитриевич 1922 жылы 18 қаңтарда Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дүниеге келген. Ол ауылдағы білім ордасында әріп танып, білімін шындайды. Болмысы ерек жігіт қатарластарынан салмақты мінезі мен білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп, ұстаздарының көзіне ілігеді. 6 сыныпты бітіргенен кейін еңбекке араласып, Жаңақорған поселкісінде пошта қызметінде басшы болып қызмет етеді. Бала кезінен бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын ол әскери училищеде ұымдастырушылық қабілеті мен ілімге деген ықыласымен курсаттардың көшбасшысы ретінде бағалана бастайды. Гомельск жаяу әскер училишесін 1942 жылы бітіріп, екінші дүние жүзілік соғысқа араласады. Осы жылдың маусым айында Еділден Эльбаға дейінгі аралықта неміс әскерімен ұрысқа шығады. Украин фронтының 3-ші гвардиялық танк әскеріне қарасты 70-батальонында рота командирі аға лейненант Романов талантты әскери қолбасшы ретінде талай рет жау қолын талқандауда ерлік көрсете біледі. Әсіресе Берлиннің іргесіндегі Нейсе өзінінің жағасында жауынгерлер ерлік көрсетеді. Ерлік көрсеткені сол, 104 неміс жауынгерінің көзін жойып, 118-ін тұтқынға алады.
1945 жылы 11 наурызда асқан ерлігі мен басқарушылық таланттымен А.Романов «Қызыл Жұлдыз» ордені омырауына тағады. Сол жылдың 23 сәуірінде оның ротасы күші бірнеше есе басым жаудың алты бірдей шабылуын тойтарып, Тельт каналын кешіп өтіп, плацдармды иеленеді. Сосын 11 күн Кеңестік негізгі әскер келгенше плацдармды қорғайды. 27 сәуірде неміс әскерімен ұрыс кезінде жараланып, қайтыс болады. Ұрыс даласындағы қайтпас батырлығы мен өшпес өжеттігімен Берлин қаласына дейін келген аға лейтенанты Берлин қаласына жерлейді.
1945 жылы 27 маусымда Жоғарғы Кеңес Президиумы шешімімен Александр Романовқа әскери тапсырманы тыңғылықты орындағаны және ерлігі мен қайсарлығын бағалап Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Сондай-ақ Ленин орденімен марапатталады.
Батырдың есімін ұлықтау мақсатында 1967 жылы өзі оқыған Төменарық ауылындағы №53 орта мектепке батырдың есімі беріледі.
Бүгінде мектеп мұражайында батырға арнайы орын беріліп, онда Романовтың өмірбаяны мен ерліктерін баян ететін материал, суреттер мен туыстарының хаттарын көруге болады.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
07 қазан 2019 ж. 937 0