№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РУХЫ мықты БАҚЫТЖАН

РУХЫ мықты БАҚЫТЖАН


Отан – қасиетті, қастерлі сөз. Отанға қалтқысыз қызмет ету әрбір адамға борыш. Жауынгерлік рухтың символы болып табылатын «Отан қорғаушылар күні» егемен елдің еңселі мейрамы. Бұл күн – қайсар мінезді баһадүр бабаның жауынгерлі дәстүрінің заңды жалғасы тапқан күні. Бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскер қуаты жаңарып, жылдан жылға қорғаныс саласы серпінді даму үстінде. Осы тұста, Жаңақорған топырағында туылып, алып шаһар Алматыда әскери салада қызмет етіп жатқан Бақытжан Үрмішевпен 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында тілдестік.
Жаста болса, бас болып рота командирі деген лауазымды абыройлы атқарып жүр. 2008 жылы кенттегі №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, Алматы қаласындағы Кеңес Одағының маршалы И.С.Конев атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына оқуға түседі. Ерлік пен батылдықтың ерен үлгісін өзіне үлгі еткен Бақытжан «Ракет әскерлері және артиллерия» мамандығын ойдағыдай аяқтайды. Мұнан кейін өмірін әскери саламен байланыстырғысы келген жас сарбаз діттеген арманына жетеді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бұйрығымен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөліміне қызметке орналасады.
Әуелі взвод командирі, батарея командирінің орынбасары, батарея командирі лауазымын абыройлы атқарып, жауапкершілік жүгін сезіне біледі. Басшылықтың берген бұйрықтарын тиянақты орындап, өзінің әскери қабілетінің жоғары екенін көрсете біледі.
– Әскер – ел қорғаны. Әскери қызмет адамды әр қырынан шынықтырады. Өзім бұл саланы таңдағаныма өкінбеймін. Туған жер топырағынан түлеп ұшқаннан кейінгі мақсат – елдік мүдде жолында еңбек ету болатын. Шүкір, Отанға адал қызмет ету әрбір азаматтың борышы деп білемін. Оған қоса, мемлекеттің де қолдауы жұмысқа жігер береді, – дейді Бақытжан Оспанұлы.
Бүгінде Алматы қаласындағы әскери мамандар даярлайтын Құрлық әскерлері Әскери институтында рота командирі болып қызмет жасап жүрген Бақытжан туған өлкеге деген сағынышын қарашаңырақтағы қадірменді қариямен байланыстырды. «Отбасында ұлттық тәрбиенің дәнін себуші – ата-әже екені даусыз. Тұла бойы тұңғышын ата-әжесінің тәрбиесіне беріп, «шалдың баласы» деп бауырына басқызатын біздің халық қана. Өмірден көргені мен түйгені мол қария қолында тәрбиеленген бала көпшіл, рухани дүниесі бай, намысты болып өседі. Ұлға тән тектілік те сол ортадан дариды. Міне, өзімде осындай ата-әже мектебінің шәкіртімін. Атам Айтжан мен әжем Гүлбарамның тәрбиесін көріп, бойымызда жігерлі рух пайда болды» дейді Бақытжан.
Иә, Отанға қалтқысыз қызмет ету әрбір адамға борыш. Жауынгерлік рухтың символы болып табылатын әскери қызметшілер – егемен елдің ерлері. Қайсар мінезді баһадүр бабалардың заңды жалғасы. Ең бастысы – қазіргі кезде көзсіз батырлық жүрмейді, тек пайым мен парасаттың парқы құнды. Олай болса, «Мәңгілік ел» жолындағы әскери әлеует артып, Отанға деген сүйіспеншілік, ер мен елдік рух асқақтай берсін демекпіз.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
11 мамыр 2018 ж. 1 333 0