№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәншүк Мәметова туылған күн

Мәншүк Мәметова туылған күн


1922 жылы 2 қазанда қазақтың қаһарман қызы, Совет Одағының Батыры Мәншүк (шын аты – Мәнсия) дүниеге келді.

Тегін ауыстырған Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Осы жылдар ішінде Мәншүктің туған анасы мен әкесі бірінен кейін бірі көз жұмады.
1938 жылы дәрігер Ахмет Мәметовке «халық жауы» деген жала жабылып, ату жазасына кесіледі. Бұл қайғылы оқиға моншақтай қыздың жүрегінде өшпес жара қалдырады. Жайсыз оқиғадан кейін Мәншүк дәрігер болу арманынан бас тартып, жұмысшы факультетіне оқуға түседі.
Анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, Мәншүк соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Жесір әйелден барша дос-жараны теріс бұрылып, Әминаның мінезі жаман жаққа өзгереді. Тұрмыстары қатты нашарлап кеткендіктен, Мәншүк институттағы оқуын тастап, үкіметтің басқарма істерінде хатшы болып жұмысқа тұрады.
1940 жылы Мәншүк жалғыз қалып, ауылдағы туыстарына материалдық көмек сұрап хат жазады. Өкінішке орай, қаршадай қыздың бұл хаты жауапсыз қалады. Себебі, туыстары «халық жауының қызы» атанған Мәншүкпен байланысқа шығуға қорқады.
Мәншүктің екі туған ағасы болды. Олар – Нағи мен Қадыр. Ахметтің ағасы Қанаттың қолында тәрбиеленіп жатқан Нағи Орал қаласына оқуға түседі. Ал Қадыр Оралда жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан кейін әскер қатарына шақырылады.
Соғыс басталған жылы Мәншүк анасы Әминаның үйін тастап, жатақханаға көшеді. Небәрі 18 жастағы Мәншүктің жоспарларының бәрі кейінге шегеріледі. Бойжеткен әкесінің атылып кеткенін білмей, кеңес үкіметін қорғап, айдаудағы жақын адамын құтқару үшін майданға аттанады. Себебі, ол кезде қоғамда "Халық жауының" балалары өз еркімен майданға аттанса, ата-анасының бар жазасы кешіріледі" деген сөз тарады. Осы сөз құлағына тигелі Мәншүк бір жыл бойы әскери комиссариатқа әскерге бару туралы өтініш жазады.
Алайда бұл уақытта кеңес билігі нәзік жандыларды әскерге алу туралы жарлық шығармаған болатын. Мәншүк тек 1942 жылдың 13 тамызында Алматы қаласында құрылған жасақ құрамында болып, соғысқа аттанады. Осы бригаданың құрамында барлығы 4 890 жауынгер болды. Оның ішінде екеуі қазақ қыздары – Мәриям Сарлыбаева мен Мәншүк Мәметова.
Батыр қызбен бірге жауға қарсы Нұржан Құсайынов, Райымбек Бәйсейітов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин және Сұлтан Жиенбаев аттанды.
Бригада командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары міндетін атқарған подполковник Сақтаған Бәйішев Мәншүктің өтінішін қабыл алып, оны өзі қалағандай пулеметшілер ротасына жібереді. Қазақтың батыр қызы ерлермен шайқасып, жауынгерлермен ну орманнан да, судан да бірге өтті.
Көп ұзамай пулеметшілер батальонына алынған Мәншүк бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды. Осы батальон 1943 жылдың күз айында Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысты. Алайда кеңес әскері көп сарбазынан айырылып, кейін шегінеді. Мәншүк осы кезде "Сендер бара беріңдер. Мен кетсем, сендерді кім қорғайды?" деп қалып қояды. Осылайша қайтпас қайсар ару "Максим" пулеметімен жүздеген немістің көзін жойды. Ол 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты.
02 қазан 2019 ж. 1 986 0