№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан спортын өрге сүйреген...

Аудан спортын өрге сүйреген...


1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында облыстық спартакиадада аудан спортшылары тұңғыш рет командалық есепте тұғырдың биігінен көрінді. Әрі, ат спортынан да аймақтық аламанға алғаш қатысып, толағай табыстарға қол жеткізді. Осы жеңіс республикалық турнирлерге жол ашып, спортшыларды жігерлендіре түсті. Әсіресе, волейбол мен еркін күрестен жаңақорғандық спортшылардың бәсі басым болды. Бұл кезең Омар Төлегеновтің спорт саласына басшылық етіп тұрған жылдар болатын.
Иә, он жыл аудан спорт саласын басқарған білікті маманды бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан, жасы жетпісті алқымдаған ардагердің спортқа сіңірген еңбегімен танысуды жөн көріп, әңгімеге тартқан едік.
Бала кезінен спортшы болуды армандаған Омар Төлегенұлы бастауыш сыныпта оқып жүргенде білікті бапкер Нұрбек Палымбетовтың көзіне түседі. Көп өтпей балғын балуанның бойындағы қабілетін көрген болашақ жаттықтырушысы оны өзіне шәкірт етіп тәрбиелейді. Бозкілемде белдесіп, біраз жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жас балуан еркін күреспен қоса қазақша күрестің қыр-сырын да меңгереді. Алайда, қос күреске еті үйрене бастаған шағында спортшы болашағын басқа саламен байланыстыруды жөн көріпті.
– Білім ордасын бітіргеннен кейін Түркістан қаласындағы техникалық колледжге түстім. Инженер мамандығы бойынша төрт жыл білім алып, оқуды жақсы бағада тәмамдадым. Дегенмен, бойдағы дарын, спортқа деген қызығушылық мені күрес залынан ұзатпады. Оқу орнында жүріп жаттығу жасап, жарыстарға қатысып жүрдім. Иманберді Қадыров есімді бапкердің қол астында жаттығып, республикалық додаларда бақ сынадым. Мәселен, ЖОО-дар арасында өткен біріншілікте чемпион атанып, «спорт шебері» атағына қол жеткіздім. Оқуды аяқтағаннан кейін де боз кілемде біраз тер төктім, – деді ардагер.
Ол 1971 жылы үлкен спортпен қоштасып, аудандық спорт комитетіне басшы болып бекітіледі. Небәрі 25 жастағы жас басшыдан алғашқыда күмәнмен қарағанда шындық. Алайда, іскерлігімен спортқа деген шынайы махаббаты Омар Төлегеновты биіктерге жетеледі. 1975 жылы облыстық спартакиадан жеңіспен оралғаннан кейін ГТО-дан, яғни әр спорттан мемлекеттік емтихан тапсырудан республикада жаңақорғандықтар көш бастады. Әр сатыдан тұратын спорттық сынақтың нәтижесіне көптің көңіліне күдік ұялатып, жоғарыдан тексеру де келеді. Дегенмен, барлығы заңды болғанын көрген басшылық аудан спортының осынша қарыштап дамып келе жатқанына алғысын жеткізіп, табыс тілейді.
– Республикалық тексеру комитетінен келген сарапшылар жұмысқа жоғары баға бергеннен кейін аудандық атқару комитетінің төрағасы Жұмабай Сарыбаев еңбегіме көңілі толатынын жеткізді. Көп ұзамай министр Ақбаевтың қолынан «Құрмет грамотасы» төсбелгісімен марапатталдым. Шыны керек, ол кезде бүгінгідей жағдай жасалмаған. Мәселен, волейболдан жаттығуды орталықтағы демалыс орнында жасайтынбыз. Кейде қыста да далада жаттығу жасауға тура келетін кездер болды. Әрине, жарысқа бөлінетін қаржы қомақты болғанымен, дайындық залы мүлдем тапшы еді, – деді О.Төлегенов.
– Спортшыларды қалай баптайтын едіңіздер?
– Жарыс болатыннан 15 күн бұрын бапкерлерді жұмыстан босатып, арнайы дайындық жүргізетінбіз. Спорт мектебі мен №51 М.Қаратев атындағы мектептің спортзалында кезек-кезек жаттығу жасайтын едік. Бектұрсын Абутрапов, спорт мектептің директоры Жақсылық Егізбаев пен шабандоз Айдар Рыспабев, Әбдіхалық Абдуллаев сынды азаматтардың еңбегі көп сіңді, – деді спорт жанашыры. Жетпісінші жылдары еркін күрес пен волейбол, ат спортының тынысы осылай ашылды. Орталық стадион сол кезеңдерде асар әдісімен салынған болатын. Осындай қиын-қыстау кезде спорт саласының тізгінін ұстаған Омар ағай әлі де аудандағы жарыстарды қолы қалт етсе көріп қайтады.
Спортқа сіңірген еңбегі өлшеусіз ақсақалдың айтары назы да бар. Иә, қандай басшы болсын қызметінің бағаланғанын қалайды. Дейтұрғанмен, ақсақал «еңбектің елге сіңгенінің өзі үлкен мәртебе» деген ұстанымын ұстаған жан. Кешегі Мұхтар Өрғараев, Нұрдин Жамуров, Мұрат Тотаев, Әбутәліп Аманов сынды балуандарды қанатының астынан ұшырған Омар ағайдың жүріп өткен спорттық өмірі өскелең ұрпаққа өнеге ретінде қала бермек...
Қорыта айтқанда, «ердің бағасы еңбекпен өлшенетінін» ұққанымыз абзал.
06 ақпан 2018 ж. 1 378 0