Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 048

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 078

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 892

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 391

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 600

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 590

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тұлғатану тәлімі

Тұлғатану тәлімі


Биыл облыстық турнирде Түркістан және облыс орталығынан, Жаңақорғаннан іріктелген командалар бас қосты. 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздардан құралған баскетболшылар жүлдені сарапқа салды. Айта кетейік, былтыр жоғары сынып оқушылары турнирдің көркін кіргізіп, аудан абыройын үстем еткен болатын. Осы жылы да жас буын аянып қалмады. Денешынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев сөз алды.
– Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп жатқан дәстүрлі турнирдің өсіп келе жатқан жастарымызға берері тәлімі мол. Есімі ұлықталып, еңбегі еленіп жатқан жанның рухы бір аунап тұрған шығар. Расында, ер атын еңбек шығарады. Сондықтан, бүгінгі сайысқа келген балғын спортшыларға сәттілік, ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз. Жеңісті күндерде кездесе берейік, – деді Мәжит Байқожаұлы.
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмұт Рахымжанов пен білікті бапкердің әпкесі Анаркүл Жарықбаева ізгі тілегін, ыстық ықыласын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Әрі, жарыстың өтуіне үлес қосып жүрген Темірбектің шәкірттеріне алғысын жеткізді.
Сонымен, алғашқы ойынның көркін жаңақорғандық бұрымдылармен Қызылордадан келген баскетболшылар қыздырды. Жарыста ауданнан №163, №54 мектептің мықтылары да жүлдеге таласты. Тартысты өрбіген әрбір кездесуде мықты екендерін дәлелдей білген Түркістаннан келген жастар жүлдеге ілікті. Қыздар арасында қызылордалықтар ақтық сында Дильяра Мұсаева баптайтын жаңақорғандық қыздарға жол берді. Қола жүлде Түркістанның бұрымдыларына бұйырды. Ал, ұлдар арасынан сынға түскен Қанат Айдаровтың жігіттері алтынға бір табан жетпей сүрінді. Оларды финалдық бәсекеде Түркістанның мықтылары сүріндірді. Осылайша қыздардың кеткенін ұпайын қайтарды. Жылда алғашқы орыннан көрінетін облыс мықтыларының ізбасарлары бұл жолы қоланы қанағат тұтты.
– Бұл додаға бірінші рет қатысып тұрмыз. Әрине, көрсеткішіміз жаман емес. Дегенмен, алаң иелерінің қарқыны жақсы. Жалпы, Темірбек Дүйсенбайұлының баскетбол спортына салып кеткен сара жолы бүгінгі жастарға үлкен өнеге болды. Сондықтан, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаздың еңбегі әрқашан ел есінен өшпек емес, – дейді Түркістан қыздар командасының жаттықтырушысы Ұлбаршын Алауқызы.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ауданның спорт бөлімінің медаль, грамоталары табысталды. Сондай-ақ, «Үздік ойыншыларға» ауданның жас депутаты Арман Мәжитовтың арнайы сыйлығы табысталды. Ал, командалық есепте жақсы көрсеткіш көрсеткен Түркістан командасының бапкеріне бағалы сыйлық табысталды.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
06 қаңтар 2018 ж. 1 592 0