Жастар жылында қанша спорттық нысан бой көтеруде?
Бұл жөнінде облыстағы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы мәлімдеді.
– Әлеуметтік маңызы бар, бюджет қаражаты арқылы тікелей құрылысын салу мүмкін емес жобаларды мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында салу тиімді болмақ. Осы мақсатта ауданда 2019 жылдың басында 2 денешынықтыру - сауықтыру кешені (Жаңақорған кенті және Сүттіқұдық ауылдық округі) толық өз жұмысын бастады.
2019 жылы 10 жоба мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде енгізіліп, 9 спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 4 нысан толық іске асып, биылғы жылы пайдалануға беріледі, оның ішінде 2 спорт кешені 14 желтоқсан күні, яғни ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылады, – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, "Жастар жылы" жаңақорғандық жас спортшылар үшін табысты түйінделді. Әлем және Азия чемпионаттарында алтыннан алқа тағынған спортшылар аз болмады. Әсіресе, белбеу күресінен бұрымды қыздар әлем біріншілігінде қос-қостан алтын сыйлады. Аяқ допшы оқушылар республикалық мектеп лигасында алтын тұғырдан көрінді.