№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйел – қоғам тірегі

Әйел – қоғам тірегі

    Ауданда әйелдер қоғамдық-саяси жұмыстарға қаншалықты араласып жүр? Олардың қоғамдағы орны қандай? Ана мен бала құқығы қаншалықты қорғалуда? Осы сұрақтардың жауабын аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия отырысынан білдік.
Комиссия отырысына төрағалық ет­кен аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтбембет отбасылық-демографиялық саясаттың маңыздылығына тоқталып, гендерлік теңдікті іске асыру үшін қоғамдағы әйелдер мен балалардың жағдайын бақылау маңызды екендігін атады.
–Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, Елбасы жарлығымен гендерлік саясат қабылданған болатын. Осыған орай, елдің әр аймағында аналар мен балаларға жағдай жасалып, оларды зорлық-зомбылықтан арашалау үшін түрлі шаралар қолданылып жатыр, – деді Бақытжан Ерманұлы.
Ауданда гендерлік теңдік саясатын іске асыру жолдары мен қолайсыз отбасыларындағы әйелдердің зорлық-зомбылыққа қарсы тұру қабілетін арттыру және оларға көрсетілген көмек пен атқарылған жұмыстар туралы талқыланған жиында Сәулебек Ысқақов мінбеге көтерілді. 
– 2016 жылдың наурыз айынан бастап аудан бойынша пилоттық патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі енгізілді. Осыған сай аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 16 патронаждық аймақ құрылып, онда 16 патронаждық мейірбике мен екі әлеуметтік қызметкер, екі психолог жұмыс жасап жатыр. Патронаж мейірбикелерінің үй аралау жұмыстары барысында 2016 жылы аудан әкімі жанындағы сектораралық комиссияға әлеуметтік жағынан жағдайы өте төмен, күнкөрісі нашар, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж 11 отбасы ұсынылды. Ал, одан бөлек 7 отбасы анықталып, аудан әкімі жанындағы сектораралық комиссияға ұсынылды. Бүгінде  анықталған осы отбасылар бойынша аурухана әкімшілігі тарапынан сұраныс хаттар жазылып, 24 бала тегін балабақшаға орналастырылды, – деді бас дәрігер.
Сәулебек Есқожаұлының айтуынша, бүгінде аудандық орталық аурухананың емдеу ұйымы басшылығының 97 пайызы әйелдер. Отбасылық демографиялық саясат құндылықтарын насихаттау бойынша емдеу ұйымдарында жұмыстар жолға қойылған. Аудандық емхана жанындағы «Жас аналар» және «Отбасын жоспарлау» мектебі арқылы жас аналар арасында «Ана сүтінің маңыздылығы», «Дұрыс тамақтану», «Бала күтімі», «Отбасын дұрыс жоспарлау», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Одан әрі күн тәртібінде Жаңақорған кенті мен Қожакент, Келінтөбе ауылдық округі әкімдерінің гендерлік теңдік саясатын іске асыруда, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыратын және олардың зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға үндейтін шаралар мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп атқарылатыны айтылды.
– Жаңақорған кенті  бойыншахалық саны 32203 адам  болса, оның 16850-і әйелдер. Жәрдемақы алатын  аналар саны – 258. Ал, «Батыр  ана»  – 132,446 «Күміс алқа»  иегерлері бар. Бүгінде кентте гендерлік теңдік саясатын іске асыру, отбасы құндылықтарын тұрғындарға насихаттау мақсатында  ардагерлерді, жастарды, ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында мәдени-рухани шаралар ұйымдастырылуда, – дейді кент әкімі аппаратының бас маманы Күлдана Әбдіреймова.
Бас маманның сөзінше, аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен «Қайырымдылық керуені – 2018» акциясы ұйымдастырылып, көмекке мұқтаж және әлеуметтік аз қамтылған төрт отбасыға азық-түлік беріліп, бір азаматшаға қаржылайкөмек  көрсетілген.
Сондай-ақ, Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Ж.Абілхайровтың мәліметінше, Келінтөбе ауылындағы 3642 халықтың 1767-сі әйел адамдар. Оның  208-і мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайды.Сонымен қоса, 156 батыр ана, 207 көп балалы ана, 24 жеке кәсіппен айналысатын әйел бар. 2018 жылдың І – тоқсанында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесімен 6 жас қыз-келіншек жұмысқа орналасып, 4 әйел қоғамдық жұмысқа тартылған. Ал, 2014 жылдан бастап келінтөбелік қыздар спорттық шеберлігін шыңдайтын гондбол үйірмесі ашылған. Қазіргі таңда ауылдың қыздары облыстың намысын абыроймен қорғап жүр.
Соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов кент және ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқсан сайын мониторинг жүргізілетінін айтып, отбасылық құндылықтарды нығайту жолында әлі де атқарылатын жұмыстардың көп екенін ескертті.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
01 мамыр 2018 ж. 1 324 0