№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Анкарада Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумы өтті

Анкарада Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумы өтті


2018 жылғы 15-16 ақпанда  Анкарада Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумы өтті.

 
Бизнес-форумға еліміздің іскер әйелдер делегациясын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова  бастап барды.
 
Бизнес-форумға Түркия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглу,  Түркияның Сауда палаталары мен сауда биржалары одағының жанындағы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары  Рухсар Пекджан және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамына еліміздің 50-ге жуық іскер әйелдері қатысты.
 
Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40%-ын іскер әйелдер қалыптастыратынын, олардың отандық бизнес дамуына қосатын үлесі үнемі өсіп отырғанын айтты.
 
 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңес беруші органдардың арасында алғашқы болып өз алаңында Іскер әйелдер кеңесін құрған болатын. Бүгінгі таңда 16 өңірлік кеңес, 170 аудан орталығында филиалдар құрылып, оларды табысты кәсіпкерлер әйелдер басқарып отыр. Осылайша Кеңес Қазақстанның түпкір-түпкірінен табысты, әрі әлеуметтік белсенді қыз-келіншектердің әлеуетін біріктірді. Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің – 47%-ын әйелдер құрайды, заңды тұлғалардың – 26%-ын, шаруа және фермерлік қожалықтардың  – 19%-ын қыз-келіншектер басқарады», – деді Лаззат Рамазанова.
 
Лаззат Рамазанова форум қатысушыларына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыттарын таныстырды, осы ретте спикер ҰКП құруда континетельды модель негізге алынғаны жайында, бірінші кезекте Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағының (ТОББ) озық тәжірибесі үлгі болғанын атап өтті.
 
 Еліміздің тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі жұмыс істейді, 2009 жылы Түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылса, 2014 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП және Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. 2015 жылы Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі Түркия Экономика минситрлігінің Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті (DEİK) және Қазақстанның сыртқы палатасы жанынан жаңа форматта қайта жаңғырды. Аталған іскерлік кеңес Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық дамуына үлес қосуда, мұны статистика да айқын дәлелдеп тұр.
 
Екі ел арасындағы іскерлік байланыстың одан әрі тереңдеуіне былтыр сәуір айында қабылданған Қазақстан-Түркия бірлескен сауда-өнеркәсіптік палатасын құру туралы шешім әсер етті.
 
 «Бүгінгі кездесу екі елдің іскер топтары арасындағы өзара тиімді келісімдерді нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Лаззат Рамазанова.
 
 Форум аясында «Қазақстан – цифрландыру дәуірінде инвесторларға арналған дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстан мен Түркияның әйелдер кәсіпкерлігінің даму перспективалары» атты панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Сессияларда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері (оның ішінде Атырау, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстары кескінінде) және ҚР туризмі келешектігі талқыланды. Қатысушыларға Астана халықаралық қаржы орталығы және Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі қызметі таныстырылды. Форум аяғында делегаттар ТОББ университеті, индустриялық аймақ  және «Panora» сауда орталығын тамашалады.
16 ақпан 2018 ж. 1 683 3

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 01:46
Fluoxetine Next Day Delivery Indian Euromed Viagra order levitra at walmart Difference Entre Cialis Et Levitra Cialis Levitra Sildenafil Amoxicillin By Vbulletin Intitle View Profile

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 01:22
Viagra In Farmacia Senza Ricetta cialis 5 mg best price usa Buy Flagyl In Pomona Comprare Viagra Generico Viagra Generika De

lypelros от 3 қаңтар 2020 02:34
https://eu-de.git.cloud.ibm.com/matteni/instagram-likes-and-followers-free-scri
pt-2020 - click link and READ - HOW to get free IG Followers in 2020! 2020 UPDATED!!!! kw: How To Get Active Followers On INSTAGRAM For Free 2020 Free Followers INSTAGRAM 2020