» » Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 26 наурыз 2018 жылы «Елдегі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, аудандық соттың  судьясы И.У.Тунгышбаев және кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратура өкілі, аудандық ІІБ-і полиция қызметкерлері және аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары қатысты.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақстан әлемдік стандартқа сәйкес гендерлік теңдік принциптеріне назарын аудара бастағанын, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны жайлы айтты.
Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасағанын, қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам түрлі халықаралық шарттар мен конвенциялардың қатысушысы екенін және Қазақстан Үкіметі қаулысымен Республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап бекіткендігін айтып өтті.
Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар тақырып аясында өз пікірлерін білдірді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
29 наурыз 2018 ж. 1 249 0