№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛ – ӘЗИЯ ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ ЖОЛЫ

ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛ – ӘЗИЯ ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ ЖОЛЫ


Тарих бедеріне көз салсақ, бұл – олардың қанын да бар қасиет. Ертеректе өткен абыз аналардың өмірін өнеге еткен абзал. Сонау қиын-қыстау жаугершілік заманда ері елін қорғаса, аналарымыз бір әулеттің киелі отын сөндірмеуді бәрінен маңыз тұтты. Тек отбасы ошақ-қасында ғана емес, күйбең тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен баянды болашағы үшін маңызды мәміленің ұйытқысына айналған. Тамырын Тұмар ханымнан бері тартқан тарихқа көз жүгіртсек, Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Бопай ханшайым сынды батыр жүректі, абыз саналы аналар ел жадында. Міне, осындай қазақ әйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген бекзат болмысы бүгінгі күнге де келіп жетті. Мұның дәлелі ретінде біз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосып жүрген әйел басшыларды тақырыпқа арқау етпекпіз.
Әкім болу әркімнің қолынан келе бермейді. Әсіресе, қазіргі заманда. Халық сауатты, Үкімет талапты. Басты меже – отыздыққа ену. Бәсекеге бой түзеп, билігіңді жүргізу үшін еңбегіңмен жиған беделің болуы керек. Оған қоса, адамдық ар тазалығы, асқақ рух аса қажет. Міне, осы құндылықтарды бойына жинаған Әзия Қыстаубаева жиырма жылдан астам уақыт ауылды басқарды. Машақаты мол механизаторлықтан бастап, еңбекпен шыңдалып, маңдай термен абырой жинады. Елге еткен еңбегі еленіп, екі мәрте Елбасы­ның қабылдауында болды. Қазіргі таңда, аудандық мәслихат депутаты һәм аудан әкімінің әйелдер ісі, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі қызметінде. Білгенін, түйгенін кейінгі ұрпаққа үлгі етуде. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – үнемі қалың көпшіліктің арасында болып, ауыл адамдарының да ұсыныс-тілектеріне сергек қарайтын басшы ретінде көп көңілінен орын алған Ұлт Көшбасшысы. Мемлекет басшысының қабылдауында болғанымда, ерекше әсерленіп, жігерленіп қайтқаным бар, – деп еске алады Әзия Қыстаубаева сол бір тарихи сәтті тағы бір көз алдынан өткізіп. Мұның бәрі ертелі-кеш еткен еңбектің қайтарымы деп білетін іскер әйел әлі де болса, бұқараның талап-тілегін тыңдап, аудан әкімінің әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі кеңесшісі қызметін абыроймен атқарып жүр. Ал, отбасында ардақты әже. Әзиз Әзия бізбен тілдесу барысында ауылдағы ата-әже институтының рөлін айқындап берді.
– Балғынға адами болмыс пен асыл қасиет отбасында қалыптасады. Ал, сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші – ата-әже екені даусыз. Тұла бойы тұңғышын ата-әжесінің тәрбиесіне беріп, «шалдың баласы» деп бауырына басқызатын біздің халық қана. Өмірден көргені мен түйгені мол қария қолында тәрбиеленген бала көпшіл, рухани дүниесі бай, намысты болып өседі. Ұл-қызға тән ибалылық пен имандылық та сол ортадан дариды. Бір сөзбен айтқанда, ата-әже институтының орны айрықша, – деді Әзия Қыстаубаева.
Иә, қазақтың қайсар мінезді анасы Әзия Қыстаубаеваны қай қырынын сөз етсек те, өмірі үлгі мен өнегеге толы. Жайдарлы мінезі мен іскерлік қабілеті жүрген ортасына қашанда шаттық сыйлап жүреді.
07 наурыз 2018 ж. 2 027 0