ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА. ОҒАН ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?
«Қыстың қамын жазда ойла» деген тәмсілдің мәні терең. Синоптиктер биылғы қыста қар аз түскенімен, аязды күндер ұзаққа созылатынын болжауда. Бұл – қысқа қажетті отын-көмірдің қорын қазірден жасақтау керектігін көрсетеді. Халық саны 83 мыңнан асатын ауданда маусымдық жұмыс қалай атқарылуда? Көмір отынының қоры қанша? Бұл сұрақтың жауабын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әшірбеков Зейнулладан сұрадық.
– 2020-2021 жылға жылу беру маусымына орай мәдени, білім және денсаулық сақтау нысанына 167 тонна дизельдік жанармай мен 5900 тонна қатты отын қажет екені анықталды. Оған облыстық және жергілікті бюджеттен 113,8 млн теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарға 3444 тонна көмір отынына келісім жасалды, – деді.
Газдандыру бойынша кент орталығындағы 27 әлеуметтік нысанның 23-і алдағы жылу маусымында газды пайдаланатын болады. Кент орталығындағы қалған 4 мемлекеттік бала бақшалар газ отынына қосылған жағдайда әлеуметтік нысандардың газдандырылуы 100 пайызға жетеді.
Ал, ЖК «Рахматуллаевтың» отын қоймасына «Шұбаркөл» маркалы көмірдің 57 пв вагоны (3990 тонна) келді, көмірдің тоннасы
14250 теңгеден сатылымда. Аудан тұрғындарына көмірді қазірден бастап алу жөнінде ескертпе жұмыстары жүргізілуде.
Бөлім басшысының сөзінше, қысқа дайындық ісі тиісті деңгейде жүргізілуде. Биыл 18 әлеуметтік нысан газбен жылытуға көшеді. Яғни емхана, колледж, мектептер мен мемлекеттік балабақшалар газдандырылады. Ал әр тұрғын өз үйінің жылтуына жауапты. Бірақ олар қысқа дайындыққа әлі мән бермей отыр. Бөл жөнінде сала басшысы Зейнулла Әбіласанұлы былай деді: «Ауа райы құбылмалы. Күн аяқ астынан суытып кетсе, кезекке тұрған көліктерді көресіз. Сондықтан қазірден бастап, қажетті көмірді ала берген жөн. Ал көгілдір отынға қосылғандар газға уақтылы төлем жүргізгендері дұрыс».
Басшы сөзінің жаны бар. Біз қар жаппай көмір іздемейтініміз шындық. Қыс тақақанда отын базасына барып, ұзын-сонар кезекке тұрып, жанталасамыз.
Кәсіпкер Жаңабек Тұрғанбаев:
– Көмір қоймаларын толтырып жатырмыз. «Шұбаркөл» сорты жеткілікті көлемде бар. Алам деушілерге есігіміз ашық, – дейді.
Тұрғындардың көгілдір отынға қарызы уақыт өткен сайын өсіп келеді. 2020 жылдың 24 тамызына дейін жаңақорғандықтардың коммуналдық төлемге, яғни көгілдір отынға қарызы 38, 183 млн теңгені құрады. Бұл туралы «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ шаруашылық бөлімінің басшысы Сұлтан Сәрсенов айтып берді.
– Өткен жылы 4776 тұтынушының 477-сі қарызына байланысты газ жүйесінен ажыратылды. Төлем көлемі 50 мың теңгеден жоғары қарызы бар 112 тұтынушыға ескерту жасалды. Егер қайта қостырғысы келсе қосымша айыппұл төлейді, – дейді .
Қыркүйек айынан бастап, төлем жасамаған тұрғын үй иелері газдан ажыратылуы мүмкін. Сондықтан газ беру мекемесімен бір есептесіп қойған абзал. Бүгінгі таңда 2373 абонент газ жүйесіне қосылған. Ескерту алған абонемент үш күнге дейін төлем жасамаса жылу жүйесінен ажыратылады. Кентте 131 мекеме болса, 32-і қарызға белшеден батып тұр.
Газ мекемесінің басшысы аудан тұрғындарына құлаққағыс ретінде, рұқсатсыз қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ қондырғыларын ауыстырған жағдайда тұрғындар оны заңдастырып алуына болатындығын айтты. Егер тексеру барысында заңсыздықтарға жол берілгендігін анықтаса акт жасалып, өтемақы төлейтіндігін түсіндірді. Бастысы есептеуіш құралы зақымданбауын қадағалау маңызды. Газ пештерінің сапасын тексеру қызметін «Алау Газ Аймақ» ЖШС секілді жеке кәсіпкерлер атқаруда.
Айта кетерлігі, көмір пеші мен газ пешінің түтін шығаратын мұржаларын мұқият тазалап қойған жөн. Жаз бойы құбырда құстар ұя салып, не шаңға толып қалуы мүмкін. Осыған байланысты өткен жылы ауданның өзінде 6 газбен улану оқиғасы тіркелген-ді. Отбасы амандығы үшін түтін жүретін трубаларға мұқият болу керек.
Ал, біздің айтпағымыз, қыстан аман шығудың жолы – ерте қамдану керек
Мақпал МАРҚАБАЙ