№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл әкімінің жүгі ауыр, абыройы ортақ

Ауыл әкімінің жүгі ауыр, абыройы ортақ

Жайылма қарбызы бірер күннен кейін нарыққа шыға бастайды. Сыр өңірінен бастау алатын өнім Ақтөбе, Түркістан, Елорда төріне дейін жөнелтіледі, тіпті Ресейге де экспортталады. Бұл нағыз диқандардың маңдай тері, ерен еңбегінің жемісі. Биыл 800 гектар бақша дақылы, оның ішінде 500 гектарға жуық қарбыз дәні себілді. Жыл сайын қарбыз көлемі артып келеді, егінге бейім ауыл енді мал шаруасына да дем бере бастады. Жалпы алғанда Жайылма даму жолына түскен ауылдар көшінде. Осындай берекелі тірліктің басы-қасында жүрген ауыл әкімі Талғат Зейдалиевтің еңбегі ерен. Сондықтан ауыл әкімінен жетістікке жетудің қыр-сырын білу үшін тілдесіп қайттық.
Алдымен Талғат Зейдалиев қызметке әкім болып келгелі қандай жұмыстар атқарды, осыны саралап кетсек. Бұл сауалға әкім:
– 2013 жылы Жайылмаға әкім болып қызметке орналасқалы ауылдағы ата кәсіп, егін шаруасына көбірек мән берудік. Алғашында өнімдерді сапалы өндіретін едік, қазір өңдеу сатысына өте бастадық. Қарбыз шырынын шығаратын шағын цех іске қосылды. 250 орындық №195 мектеп-гимназия 2014 жылы ауыл игілігіне берілді. Инвестиция тарту жұмысы қолға алынды. Соңғы жылдары мал шаруасын қолға алып, төрт-түліктің жем-шөбін дайындау ісіне кірістік. Жалпы атқарылып жатқан шаруа аз емес, – деп жауап қатты.
«Сенім» шаруа қожалығының ғимаратын жалға алып, былтыр қарбыз сусынын шығаратын шағын цех іске қосылған. «Береке» шаруа қожалығының төрағасы Орынбасар Ибраимов өз қаржысы есебінен 62 млн теңгеге таудан құлаған қарқынды суды тиімді пайдалану мақсатында мал суатын жасау жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде 12 шаруашылық елдің әр өңіріне экспортталатын қарбыз өнімін өндіру бағытында еңбектенуде.
Кәсіпкерлік бағытында жеңілдетілген несие, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізу жұмыстары жүзеге асырылды. Облыс әкімінің бағдарламасына сәйкес, «Кәсіпкерлік дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» жобасы бойынша ауылдық округте 54 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер мал және егін шаруашылығындағы бақша өнімдерін дамыту қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Талғат Зейдалиев 2018 жылы «Үздік ауыл әкімі» деген атаққа ие болды.

– Жалпы мемлекеттік қызметке 2002 жылы келдім. Қыркеңсе ауылдық округінде маман болып бастадым, кейіннен Жайылмаға келіп, бас маман қызметін атқардым. Мемлекеттік қызметте жүргеніме 18 жылдан асыпты. Осы аралықта түсінгенім мемлекеттік қызметші болудың жауапкершілігі өте ауыр. Әсіресе ауыл басқару ісі сенім үдесінен шығуды көздейді. Жалпы айтқанда адал еңбектің жемісі осындайда көрінеді. Шаруаға бейім жайылмалық ағайындардың бейнеткештігі, бірлігі арқасында аядай ғана ауылды ел таныды. Ауданның ғана емес, Сыр өңірінің брендіне айналған өнімге бүгінде сұраныс өте жоғары, – деді ауыл әкімі.
Иә, Жайылма қарбызына деген сұраныс қашанда жоғары. Шілде мен тамыз айында тіпті көрші өзбек ағайындары келіп сатып алып, Ресейге экспорттайтынына жыл сайын куә боламыз. Енді ауыл тұрғындары жоңышқа мен жүгері өнімін алуды жолға қоюда. Өйткені ауылдағы мал басының саны жылдан жылға артып келеді. Оның үстіне қарбыз маусмдық жұмыс болғаннан кейін, қыста жергілікті халықтың азығы осы мал шаруасы. Осындай жұмыстарды үйлестіріп отырған ауыл әкімі мен мамандардың да өзіндік орны бар.
Ауыл әкімімен сұхбат соңын бүгінгі жас мемлекеттік қызметшілерге айтар кеңесімен түйіндедік.
– Ең алдымен әріптес, іні-қарындас, аға буынды 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын. Ел сенімін абыройлы ақтап, мемлекеттік қызметшілердің абыройын арқалап жүрген жастарға үлкен табыс тілеймін. Қазіргі жас буынға айтар ақыл-кеңесім, ең бірінші қызметке адалдық танытып, ізденудің тоқтатпау керек. Сонда ғана жақсы маман, білікті басшы шығады. Міне, менің 18 жылдық тәжірибемде түйгенім осы, – деді ауыл әкімі.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
23 маусым 2020 ж. 1 072 0