№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жайылманың қарбызы ресейге жол тартты

Жайылманың қарбызы ресейге жол тартты


Иә, Жайылма қарбызының алғашқы легі Ресейге жол тартты. Нақтырақ айтқанда, сұранысы мол Челябинск қаласына бүгін 20 тонна қарбыз жөнелтілді. Ақжолтай хабарды естіп біз де аудан әкімімен Жайылмаға жол тарттық.
Ауылға кіре берісте ауыл әкімі Талғат Зейдалиев күтіп алып, егістікке бет бұрды. Жол бойы ауыл әкімі дала жұмысынан хабардар етіп,
– Биылғы ауа-райының қолайсыздығына қарамай диқандар жерге дән тастады. Шыны керек, ауылың негізгі еңбек көзі егістік екені рас, дегенмен қазір көбіне көрші елдің нарығы біздің қарбыздың сұранысын арттырып отыр. Биылғы меже 260 гектар. Әр гектардан 40-50 тоннадан жоғары өнім аламыз деп отырмыз. Міне, соның алғашқы пісуін Астана қаласының 20 жылдығына қарсы жиырма тоннаны Ресейге тарту еткелі жатырмыз, – деді ауыл әкімі.
Сонымен, межелеген уақытта «Жиделі» шаруа қожалығының диқаншысы Самат Оспановтың егістігіне келдік. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалынан егін-жай орналастыру мақсатында 1 млн. қаржы алып, бір гектарға дән сепкен диқаншы алғашқы болып нарыққа өнімін шығарды.
– Жігіттер өнім қалай болып жатыр?
– Әзірге жаман емес.
– Келісі қаншадан?
– Негізі келісін 27 теңгеден сатудамыз. Жылда келетін тұтынушылар өздері келіп тиеп кетеді. Биыл өзбек ағайындары алғашқы болып ат басын бұрды. Сөздің шыны, сұраныс өте жоғары, – деді жайылмалық еңбекқор азамат. Иә, көшеттеп отырғызудың тәсілін меңгерген Саматтың еңбегіне Ғалым Махмұтбайұлы жоғары бағасын берді. Еңбеккер мен аудан басшысының әңгімесінен кейін Абдулхамид Худайназаровты әңгімеге тарттық.
– Жайылманың қарбызына көрші елде неге сұраныс жоғары?
– Оның екі себебі бар, бірі – дәмінің тәттілігінде, екіншіден – бағасы арзан. Ең бастысы өнімнің сапасы жоғары, сондықтан, сұраныс мол, – деп жауап қатты Абдулхамид.
Сонымен, таяқ жерге тасталды, Жайылма қарбызының сатылымы басталды. Енді тек сапалы өніммен еңбек нарығын қамтамасыз ету қалды. Оған Жайылманың қауқары жетеді.

Әли ТЕМІРБЕК.
06 шілде 2018 ж. 1 459 0